Басты бет
    • Газет туралы
    • Редакция
    • Бас редактор
    • Баспасөз
    • PDF-нұсқа
    • Байланыс
      • Басты жаңалықтар
      • Сайлау-2025
      • Дін және қоғам
      • Жұмысшы мамандық жылы
      • Білім
      • Жемқорлық
      • Саясат
      • Қоғам
      • Денсаулық
      • Тұлғатану
      • Ұлттық жаңғыру
      • Аграрлық сектор
      • Мәдениет
      • Спорт және туризм
      • Финграмота
      • Өзге жаңалықтар
      • Инфографика
  • alakred@mail.ru
Logo

- Press

Алакөл Аудандық қоғамдық — саяси газеті / Районная общественно — политическая газета

1935 жылғы қазан айынан шығады

  • Бүгін : 02. 06. 2025 жыл |
  • :
  • :
Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Сайлау-2025
    • Дін және қоғам
    • Жұмысшы мамандық жылы
    • Білім
    • Жемқорлық
    • Саясат
    • Қоғам
    • Денсаулық
    • Тұлғатану
    • Ұлттық жаңғыру
    • Аграрлық сектор
    • Мәдениет
    • Спорт және туризм
    • Финграмота
    • Өзге жаңалықтар
    • Инфографика
  • Газет туралы
  • Редакция
  • Бас редактор
  • Баспасөз
  • PDF-нұсқа
  • Байланыс

Әлеуметтіқ дамудың маңызын арттыру

Президенттің халыққа арналған Жолдаулары еліміздің әрбір тұрғыны үшін маңызды оқиға. Әркім бұл құжаттан өзіне қажетті бағытты таба алады. Мемлекет басшысы Н.Назарбаев әлеуметтік мәселелерге ерекше назар аударып отыр, әсіресе денсаулық сақтау саласы жұмысын жақсарту, медициналық көмек көрсетуде озық стандарттарды енгізу ісіне ерекше көңіл бөлінген.

2015 жылы халыққа арнаған Жолдауында Елбасы бес институционалдық реформаны жүзеге асыру үшін 100 нақты қадамды белгілеп берген болатын. Оның 80-82 қадамында Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі қасынан медициналық қызмет сапасы бойынша бірлескен комиссия құру және мемлекеттік жекеменшік серіктестік қатынасын дамыту үшін медициналықсақтандыру қорын құру белгіленген.Әлеуметтік қорғаудың осындай мемлекеттік жүйесіденсаулық сақтау саласында барлық сақтандырылған азаматтарға медициналық және дәрі-дәрмектік көмекке тең қол жеткізуді қамтамасыз ете алады.Сонымен бірге, денсаулық сақтау жүйесінің қаржылық тұрақтылығы мемлекеттің, жұмыс берушілер мен азаматтардың бірлескен жауапкершілігі принципі негізінде нығайтылады.Жүйенің тиімділігін қазақстандықтар жақын арада өздері-ақ байқайтын болады.  Өйткені бұлжүйе 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап енгізілмек. Қазіргі кезде жаңа, жетілдірілген, тиімді сақтандыру жүйесін енгізу бойыншабелсенді дайындық жұмыстары республика деңгейінде жүргізіліп жатыр. Аталған жұмыстар Алматы облысында да барынша қарқынды атқарылуда.Мемлекеттің денсаулық сақтау саласындағы қызметін жетілдірудің басты тақырыбы мемлекет басшысының ағымдағы Жолдауында да орын алды. Онда Нұрсұлтан Әбішұлы: «Ең алдымен, әсіресе ауылдық жерлерде алғашқы медициналық-санитарлық көмектің қолжетімді болуын қамтамасыз ету қажет. Алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін қызметкерлерді ынталандыру үшін 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап ауруларды емдеу ісін басқарудың жаңа тәсілдерін енгізген учаскелік медицина қызметкерлерінің жалақысын кезең-кезеңмен 20 пайызға көбейтуді тапсырамын»,- деді.Осыған байланысты, елімізде созылмалы ауруларды басқаруға, созылмалы дертке шалдыққан адамдардың өмір сүру сапасын жақсартуға, асқынулар мен өлім-жітімді азайтуға бағытталған ауруларды емдеу жобасы 6 жыл бұрын іске қосылған болатын. Осы жобаның шеңберінде 3 түрлі дерт:қант диабеті, артериялық гипертония, созылмалы жүрек жеткіліксіздігіне байланысты2 пилоттық аймақ таңдалып алынды. Бұл жоба бүкіл денсаулық сақтау жүйесі ғана емес, науқас үшін де өте маңызды.ЕлбасыЖолдауда ауруларды емдеу бағдарламасын іске асыру және мерзімін қысқарту жөніндегі жұмысты барынша арттыра түсуді тапсырып отыр. Өйткені аурудыбасқару бағдарламасының басты элементімамандандырылған емханалар, созылмалы науқасқа шалдыққан, бәрінен хабардар, белсенді адамның тиімді өзара әрекеттесуі болып табылады.Бұл мәселенің осы жылдың негізгі мемлекеттік құжатында көрініс табуы да бекер емес.Бүгінде созылмалы инфекциялық емес аурулар қазіргі заманғыденсаулық сақтау саласындағы өзекті мәселелердің бірі. Осы аурулардың кесірінен дамыған елдер тұрғындарыныңарасында ерте қайтыс болу мен мүгедектікке шалдығубасым.Оның дамуына көптеген факторлар әсер етеді, соның бастысы: жынысы, жасы, темекі шегуі, артериялық гипертензия, артық салмақ, қандағы жоғары қант деңгейі, алкогольді ішімдікті көп ішу, дене белсенділігінің аз болуы. Сонымен қатармемлекет басшысы өз Жолдауында мынаны да атап өтті. 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап барлық емханалар мен ауруханалар медициналық құжаттарды қағазсыз, цифрлық нұсқада жүргізуге көшуге тиіс. Жаңа жүйе 2020 жылға қарай бүкіл тұрғындардың электронды денсаулық паспорттарын жасауға, кезектерді, қызмет көрсету сапасын арттыруға мүмкіндік беретіні сөзсіз. Қазақстандағы денсаулық сақтау саласының дамуына көңіл бөліп, қамқорлық жасағаны үшін Алматы облысындағы «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ филиалы қызметкерлері атынан Елбасына үлкен алғыс білдіреді. Президенттің біздің алдымызға қойған барлық тапсырмаларын жүзеге асыратынымызға сенімдіміз.

С.ҚҰРАЛБЕК,

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры»КЕАҚ Алматы облысы бойынша филиалдиректоры.

Мәліметпен бөлісу:

Редакцияның мекен-жайы:

Жетісу облысы Алакөл ауданы, Үшарал қаласы,

Жеңіс көшесі № 129.

Редакция телефондары:
3-52-63,    3-52-68,

3-51-74

E-mail:
alakred@mail.ru

Құрылтайшы: Директор —  Алмат Асхатұлы

Меншік иесі: «Alakol Press» ЖШС

Бас редактор — Алмат Асхатұлы

Газет аптасына бір рет сенбі күні шығады.

Таралымы 4607

  • Басты бет
  • Газет туралы
  • Редакция
  • Бас редактор
  • Баспасөз
  • PDF-нұсқа
  • Байланыс
  • Басты жаңалықтар
  • Сайлау-2025
  • Дін және қоғам
  • Жұмысшы мамандық жылы
  • Білім
  • Жемқорлық
  • Саясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Тұлғатану
  • Ұлттық жаңғыру
  • Аграрлық сектор
  • Мәдениет
  • Спорт және туризм
  • Финграмота
  • Өзге жаңалықтар
  • Инфографика
Біз әлеуметтік желіде

© 2025 "Алакөл айнасы"

Барлық құқықтар сақталған. Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті.

Сайт құру

Kassymov