Басты бет
    • Газет туралы
    • Редакция
    • Бас редактор
    • Баспасөз
    • PDF-нұсқа
    • Байланыс
      • Басты жаңалықтар
      • Сайлау-2025
      • Дін және қоғам
      • Жұмысшы мамандық жылы
      • Білім
      • Жемқорлық
      • Саясат
      • Қоғам
      • Денсаулық
      • Тұлғатану
      • Ұлттық жаңғыру
      • Аграрлық сектор
      • Мәдениет
      • Спорт және туризм
      • Финграмота
      • Өзге жаңалықтар
      • Инфографика
  • alakred@mail.ru
Logo

- Press

Алакөл Аудандық қоғамдық — саяси газеті / Районная общественно — политическая газета

1935 жылғы қазан айынан шығады

  • Бүгін : 12. 06. 2025 жыл |
  • :
  • :
Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Сайлау-2025
    • Дін және қоғам
    • Жұмысшы мамандық жылы
    • Білім
    • Жемқорлық
    • Саясат
    • Қоғам
    • Денсаулық
    • Тұлғатану
    • Ұлттық жаңғыру
    • Аграрлық сектор
    • Мәдениет
    • Спорт және туризм
    • Финграмота
    • Өзге жаңалықтар
    • Инфографика
  • Газет туралы
  • Редакция
  • Бас редактор
  • Баспасөз
  • PDF-нұсқа
  • Байланыс

Спорт күні аталып өтті

Елбасымыз Н.Назарбаевтың Жарлығына сәйкес тамыздың үшінші жексенбісі спорт күні ретінде бекітіліп, жылда дәстүрлі түрде аталып келеді. Еліміздегі аталмыш саланың дамуына септігін тигізетін, халықты салауатты өмір салтынұстануға үгіттейтін мерекені алакөлдіктер жоғары деңгейде атап өтті.

Бұл күні аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің ұйымдастыруымен Үшарал қаласымен Қабанбай ауылдық округінде спорттық ойындаржалауын желбіретті. Тұрғындарды салауатты өмірге жетелеу, бұқаралық спорт түрлерін дамыту, осы салада талай жыл еңбек еткен ардагерлерге құрмет көрсету мақсатындағышараға 250-ге жуық адам тартылды.
Екі күнге созылған дүбірлі додада сайдың тасындай іріктелген спортшы азаматтар бақ сынады. Бірінен бірі асқан мықтылар. Ширақ қимыл, шымыр қозғалыстарының арқасында барлығы да жеңістен дәмелі екендіктерін көрсетті.

Алғашқы күні Үшарал қаласындағы Сымбат стадионында бастау алған спорттық ойындарға 150-ге жуық үміткер қатысты. Футбол, воллейбол, қол күрес, дойбы, шахмат, тоғызқұмалақ сынды бұқаралық спорт түрлерінен сынға түскен құрамалар жіті дайындықпен келгендерін байқатты. Әр ойын қызу тартысқа толы өтті. Жарыстың қорытындысы бойынша футболдан аудандық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі, волейболдан қызылащылық жастар мен жайпақтық ардагерлер топ жарса,дойбыдан А.Нұрланұлы, шахматтан Н.Нүсіпбековтер ешкімге есе жібермей, бірінші орынды қанжығалады.

Байрақты бәсеке екінші күні Қабанбай ауылыдық округінде жалғасын тапты. Орталық стадионда «Халық ойындары»тақырыбында өткен спартакиадаға19 команда жиналып, өзара бақ сынасты. Шараның ашылу салтанатында сөз алғанаудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы А.Садиевтың: «Елбасы Н.Назарбаевтыңбұқаралық спортқа халықтың кемінде 30 пайызы тартылуы тиіс деген міндетін орындаумақсатында ауданымыздабарынша жағдай жасалып келеді. Ұлт көшбасшысының сарабдал саясатын қолдап, жолдың алыс-жақындығына қарамастан белсене атсалысып жатқандарыңызға алғысымды білдіремін»,- дей келе спортшыларға сәттілік тіледі. Келесі кезекте сөз тізгінін алған Қабанбай, Көлбай, Жағатал және Теректі ауылдық округтерінің әкімдері Қ.Қабдылдаев, Е.Шакеров, Б.Бейсенбаев пен Е.Биекбаевспартакиадаға қатысушыларды айтулы мекеремен құттықтаса, Талапкер орта мектебінің алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі А.Мамырбеков жарыстың өткізілу тәртібімен таныстырды.

Үкілі үміттерін арқалап келген құрамалар спорттың 9 түрінен сайысқа түсіп, әрқайсы алдыңғы шептен бой көрсету ниетінде алдыларына жан салмады.Атап айтсақ, жеңіл атлетика, баскетбол, шахмат, тоғызқұмалақ, қол жекпе-жегі мен қазақ күресі, гір тасын көтеру, стол теннисі, пневматикалық мылтық пен тапаншадан ату бойынша сайыстар өтті.
Дүлділдер бәсекесінің қорытындысы бойынша жарыс жеңімпазыболып Бескөл ауылдық округі атанса, ІІ және ІІІ орындарды Көлбай, Қайнар ауылдық округтері өзара бөлісті. Жүлдегерлерге бағалы сыйлықтар мен дипломдар табысталды.

А.ИМАНАСОВА.

Мәліметпен бөлісу:

  • WhatsApp
  • Twitter
  • ВКонтакте
  • WhatsApp
  • Одноклассники
  • РњРѕР№ РњРёСЂ

Редакцияның мекен-жайы:

Жетісу облысы Алакөл ауданы, Үшарал қаласы,

Жеңіс көшесі № 129.

Редакция телефондары:
3-52-63,    3-52-68,

3-51-74

E-mail:
alakred@mail.ru

Құрылтайшы: Директор —  Алмат Асхатұлы

Меншік иесі: «Alakol Press» ЖШС

Бас редактор — Алмат Асхатұлы

Газет аптасына бір рет сенбі күні шығады.

Таралымы 4607

  • Басты бет
  • Газет туралы
  • Редакция
  • Бас редактор
  • Баспасөз
  • PDF-нұсқа
  • Байланыс
  • Басты жаңалықтар
  • Сайлау-2025
  • Дін және қоғам
  • Жұмысшы мамандық жылы
  • Білім
  • Жемқорлық
  • Саясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Тұлғатану
  • Ұлттық жаңғыру
  • Аграрлық сектор
  • Мәдениет
  • Спорт және туризм
  • Финграмота
  • Өзге жаңалықтар
  • Инфографика
Біз әлеуметтік желіде

© 2025 "Алакөл айнасы"

Барлық құқықтар сақталған. Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті.

Сайт құру

Kassymov