Басты бет
    • Газет туралы
    • Редакция
    • Бас редактор
    • Баспасөз
    • PDF-нұсқа
    • Байланыс
      • Басты жаңалықтар
      • Сайлау-2025
      • Дін және қоғам
      • Жұмысшы мамандық жылы
      • Білім
      • Жемқорлық
      • Саясат
      • Қоғам
      • Денсаулық
      • Тұлғатану
      • Ұлттық жаңғыру
      • Аграрлық сектор
      • Мәдениет
      • Спорт және туризм
      • Финграмота
      • Өзге жаңалықтар
      • Инфографика
  • alakred@mail.ru
Logo

- Press

Алакөл Аудандық қоғамдық — саяси газеті / Районная общественно — политическая газета

1935 жылғы қазан айынан шығады

  • Бүгін : 28. 07. 2025 жыл |
  • :
  • :
Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Сайлау-2025
    • Дін және қоғам
    • Жұмысшы мамандық жылы
    • Білім
    • Жемқорлық
    • Саясат
    • Қоғам
    • Денсаулық
    • Тұлғатану
    • Ұлттық жаңғыру
    • Аграрлық сектор
    • Мәдениет
    • Спорт және туризм
    • Финграмота
    • Өзге жаңалықтар
    • Инфографика
  • Газет туралы
  • Редакция
  • Бас редактор
  • Баспасөз
  • PDF-нұсқа
  • Байланыс

Қайнардағы келелі кездесу

Мемлекеттік қызмет – әрбір қазақстандық үшін маңызды әрі қажетті қызметтердің көш басында тұрғаны мәлім. Ал оның қолжетімділігі мен тиімділігін арттыру қазіргі Қазақстанның алға қойған міндеттерінің өзектісі.

Осы ретте Елбасы Н.Назарбаевтың көреген саясатының арқасында «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы қабылданып, келелі бастама көтерілген болатын. Бұл игілікті жобаның мақсаты қағазбастылық пен тұрғындардың уақыт жоғалтуының алдын алу, ХХІ ғасырдың басты дертіне айналған сыбайлас жемқорлықтың жолын кесу.

Аталған бағдарлама аясында айдынды ауданымызда да ілкімді істер атқарылып, біршама жұмыс бір жүйеге келтірілді. Өңір орталығынан шалғай орналасқан ауыл азаматтарына мемлекеттік қызметке деген қолжетімділікті арттыру мақсатында округ әкімдіктері мен мектеп ғимараттарында өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары ашылды.

Бұл бастаманың мүмкіндіктерін барынша қолданып жатқан елді мекендердің бірі Қайнар ауылдық округі. Аталған ауылда егов.кз электронды порталы арқылы керекті анықтамалар алуды үйрету үшін түрлі жиын, кездесулер ұйымдастырылып, үгіт-насихат жұмыстары жалғасуда. Оны жуырда ғана Қайнар ауылында өткен жиналыстағы тұрғындардың жағымды пікірлері мен округ әкімі М.Рысбековтің сөзінен аңғардық.

Аталған кездесуде аудандық Мемлекеттік қызметтер мониторингі және ақпараттық технологиялар бөлімшесінің басшысы Е.Төкенов пен халыққа қызмет көрсету орталығының маманы Т. Зейнешов егов.кз порталы арқылы қызмет алу жолдарын түсіндіріп өтті.

Жиын барысында ХҚКО-ға бармай-ақ халыққа қажетті анықтамалардың 500-ден астам түрін қарапайым үйдегі компьютер арқылы алу мүмкіндігі, баланың мектепке, балабақшаға орналастыру сынды артықшылықтар, электронды кілтті ашу мен уақытын ұзарту жолдары көрсетілді.

Мемлекет тарапынан ұсынылған жаңа мүмкіндікке ауыл тұрғындары дадән риза.

А.ЕСЕНБЕКОВ.

Мәліметпен бөлісу:

Редакцияның мекен-жайы:

Жетісу облысы Алакөл ауданы, Үшарал қаласы,

Жеңіс көшесі № 129.

Редакция телефондары:
3-52-63,    3-52-68,

3-51-74

E-mail:
alakred@mail.ru

Құрылтайшы: Директор —  Алмат Асхатұлы

Меншік иесі: «Alakol Press» ЖШС

Бас редактор — Алмат Асхатұлы

Газет аптасына бір рет сенбі күні шығады.

Таралымы 4607

  • Басты бет
  • Газет туралы
  • Редакция
  • Бас редактор
  • Баспасөз
  • PDF-нұсқа
  • Байланыс
  • Басты жаңалықтар
  • Сайлау-2025
  • Дін және қоғам
  • Жұмысшы мамандық жылы
  • Білім
  • Жемқорлық
  • Саясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Тұлғатану
  • Ұлттық жаңғыру
  • Аграрлық сектор
  • Мәдениет
  • Спорт және туризм
  • Финграмота
  • Өзге жаңалықтар
  • Инфографика
Біз әлеуметтік желіде

© 2025 "Алакөл айнасы"

Барлық құқықтар сақталған. Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті.

Сайт құру

Kassymov