Басты бет
    • Газет туралы
    • Редакция
    • Бас редактор
    • Баспасөз
    • PDF-нұсқа
    • Байланыс
      • Басты жаңалықтар
      • Сайлау-2025
      • Дін және қоғам
      • Жұмысшы мамандық жылы
      • Білім
      • Жемқорлық
      • Саясат
      • Қоғам
      • Денсаулық
      • Тұлғатану
      • Ұлттық жаңғыру
      • Аграрлық сектор
      • Мәдениет
      • Спорт және туризм
      • Финграмота
      • Өзге жаңалықтар
      • Инфографика
  • alakred@mail.ru
Logo

- Press

Алакөл Аудандық қоғамдық — саяси газеті / Районная общественно — политическая газета

1935 жылғы қазан айынан шығады

  • Бүгін : 16. 08. 2025 жыл |
  • :
  • :
Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Сайлау-2025
    • Дін және қоғам
    • Жұмысшы мамандық жылы
    • Білім
    • Жемқорлық
    • Саясат
    • Қоғам
    • Денсаулық
    • Тұлғатану
    • Ұлттық жаңғыру
    • Аграрлық сектор
    • Мәдениет
    • Спорт және туризм
    • Финграмота
    • Өзге жаңалықтар
    • Инфографика
  • Газет туралы
  • Редакция
  • Бас редактор
  • Баспасөз
  • PDF-нұсқа
  • Байланыс

Алакөл ауданында жыл басынан 18 мың шаршы метр баспана берілді


Алакөлдіктер биылғы жылы баспаналы болып, ағымдағы жылдың 10 айында аудан тұрғындарына 18 мың шаршы метр баспана қолданысқа берілді. Алакөл ауданының әлеуметтік-экономикалық даму бағдарымен өңірлік коммуникациялар алаңында аудан басшысы Алмас Абдинов толығырақ таныстырды.
«Құрылыс жұмыстарының көлемі 2022 жылға 42,7 млрд.теңгеге жоспарланған болатын. Бұл облыс көлеміндегі ауданның үлес салмағының 35% жуығын құрайды. Өткен аптада Үшарал қаласында 60 пәтерлі тұрғын үй халық игілігіне берілді. Жыл соңына дейін тағы екі 20 пәтерлі жалгерлік тұрғын үй құрлысын аяқтап, қолданысқа беру жоспарлануда», — дейді аудан басшысы.
Бұдан бөлек, Достық және Лепсі ауылдарында «Спорттық-сауықтыру кешендері» құрылысы жүргізілуде. Биылғы жылы Бескөл ауылында 80 орынды спорттық кешен құрылысы және Ақши демалыс аймағында «Жалын» сауықтыру лагерінің құрылысы атқарылуда.
«Алакөл демалыс аймағында күніне 24526 туристке қызмет көрсететін 292 демалыс орны жұмыс істейді. Үстіміздегі жылы демалушылардың саны 1 млн. 498 мың адамға жетіп, 9,5 млрд. теңгеге қызмет көрсетілді. Туристерге қолайлы жағдай жасау мақсатында өте көп жұмыстар атқарылуда. Үшарал әуежайынның жалпы құны 7,5 млрд.теңгені құрайтын ұшып-қону алаңын және азаматтық навигациялық жүйелерін қайта жаңғырту жұмыстары жоспарға сәйкес атқарылып, қолданысқа берілді. Ақши демалыс аймағын тұрақты электр желісімен қамтамасыз ету мақсатында электр желісін қайта жаңғырту жұмыстары атқарылуда. Бұл жобаға биылғы жылы 300 млн.теңге қаражат бөлінді», — дейді Алмас Абдинов.
Ауданда республикалық және облыстық маңызы бар жолдар жөнделуде. Республикалық маңызы бар «Үшарал-Достық» және «Талдықорған – Қалбатау — Өскемен» бағытындағы жолдар жөнделуде.
Инвестиция саласында өсім бар, былтырғы жылмен салыстырғанда 128 пайызға немесе 10 млн.-нан астам теңгеге артық орындалды. Облыс көлеміндегі ауданның үлес салмағы –27%. 2021-2025 жылдары 6 инвестициялық жобаны іске асыру қолға алынған. Нәтижесінде 834 тұрақты жұмыс орны ашылады» — дейді спикер.
«2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба» шеңберінде 821 азамат қоғамдық жұмысқа, 65 азамат жастар тәжірибесіне, 65 азамат әлеуметтік жұмысқа жіберілді.
Білім саласында қуантарлық жаңалық – ауданда үшауысымды мектептердің жоқтығы. Мектеп жасына дейінгі балалардың мектепке дейінгі мекемелермен қамтылуы 100 пайызды құрайды. Жалпы 44 мектептің 35 күрделі жөндеуден өткізілген. Биылғы жылы Теректі орта мектебі ғимаратын күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде
Осындай оң өзгерістер басқа да салаларды орын алған. Бәсекеге қабілетті агроөнеркәсіптік өндірісін дамыту мақсатында, ауылшаруашылығы саласында тиімді жұмыстар атқарылды. Жалпы ауылшаруашылық өнімдерінің көлемі 55 млрд. 615 млн.теңгені құрап, өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 124,6 процентке өсті.
Ауданның коммуналдық шаруашылық саласында орталықтандырылған ауыз су жүйесімен қамтылған елді мекендердің үлесі 85,7 пайызын құрайды. Бұл ауданда 56 елді мекенінің 48-і қамтылған деген сөз. Ағымдағы жылы Теректі, Көктұма, Бұлақты, Лепсі ауылдарының су жүйелерінің құрылысына жобалау сметалық құжаттары даярлануда. Алдағы уақытта осы елді мекендерге ауыз су жүйесінің құрылысын жүргізу жоспарымызда.
Жалпы ауданның даму қарқыны жақсы, барлық салаларда оң өзгерістер бар. Алдағы жылы жоспарланған жұмыстарды жүйелі жүргіземіз дейді аудан басшысы.

Мәліметпен бөлісу:

  • WhatsApp
  • Twitter
  • ВКонтакте
  • WhatsApp
  • Одноклассники
  • Мой Мир

Редакцияның мекен-жайы:

Жетісу облысы Алакөл ауданы, Үшарал қаласы,

Жеңіс көшесі № 129.

Редакция телефондары:
3-52-63,    3-52-68,

3-51-74

E-mail:
alakred@mail.ru

Құрылтайшы: Директор —  Алмат Асхатұлы

Меншік иесі: «Alakol Press» ЖШС

Бас редактор — Алмат Асхатұлы

Газет аптасына бір рет сенбі күні шығады.

Таралымы 4607

  • Басты бет
  • Газет туралы
  • Редакция
  • Бас редактор
  • Баспасөз
  • PDF-нұсқа
  • Байланыс
  • Басты жаңалықтар
  • Сайлау-2025
  • Дін және қоғам
  • Жұмысшы мамандық жылы
  • Білім
  • Жемқорлық
  • Саясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Тұлғатану
  • Ұлттық жаңғыру
  • Аграрлық сектор
  • Мәдениет
  • Спорт және туризм
  • Финграмота
  • Өзге жаңалықтар
  • Инфографика
Біз әлеуметтік желіде

© 2025 "Алакөл айнасы"

Барлық құқықтар сақталған. Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті.

Сайт құру

Kassymov