Алматы облысында 311 адам індет жұқтырды


Жыл басынан Алматы облысына 1 компоненттің 634 655 дозасы келіп түсті, оның ішінде – Гам ковидВак – 554 145, Хayat Vax -39500, QazVac-13 010, Коронавак-28000.
Бірінші компонентпен 556 113 адам егілді, екіншісі – 394 333. Вакциналанғандар арасында – мемлекеттік қызметкерлер – 11 871, медицина қызметкерлері – 23 356, педагогтар – 38 153, БАҚ-196, созылмалы аурулары бар адамдар (қант диабеті, өкпенің созылмалы обструктивті ауруы, жүрек – қантамыр жүйесі) – 4207 және басқа да қызмет салаларының өкілдері-432 514 адам.
Өңірде эпидаухуал өршіп тұр. Облыс бойынша КВИ өсу қарқыны соңғы 2 аптада 0,7% – дан 0,9% – ға дейін артты. Соңғы аптада ең жоғары өсу қарқыны Алакөл, Балқаш, Ескелді, Іле, Қарасай, Қаратал, Кербұлақ және Сарқан қалаларында байқалады.
Айта кетейік, соңғы тәулікте КВИ 311 жағдайы тіркелді, өсу қарқыны – 1,0%, оның ішінде 266 симптомдық және 45 симптомсыз жағдай.

Мәліметпен бөлісу: