Басты бет
    • Газет туралы
    • Редакция
    • Бас редактор
    • Баспасөз
    • PDF-нұсқа
    • Байланыс
      • Басты жаңалықтар
      • Сайлау-2025
      • Дін және қоғам
      • Жұмысшы мамандық жылы
      • Білім
      • Жемқорлық
      • Саясат
      • Қоғам
      • Денсаулық
      • Тұлғатану
      • Ұлттық жаңғыру
      • Аграрлық сектор
      • Мәдениет
      • Спорт және туризм
      • Финграмота
      • Өзге жаңалықтар
      • Инфографика
  • alakred@mail.ru
Logo

- Press

Алакөл Аудандық қоғамдық — саяси газеті / Районная общественно — политическая газета

1935 жылғы қазан айынан шығады

  • Бүгін : 11. 08. 2025 жыл |
  • :
  • :
Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Сайлау-2025
    • Дін және қоғам
    • Жұмысшы мамандық жылы
    • Білім
    • Жемқорлық
    • Саясат
    • Қоғам
    • Денсаулық
    • Тұлғатану
    • Ұлттық жаңғыру
    • Аграрлық сектор
    • Мәдениет
    • Спорт және туризм
    • Финграмота
    • Өзге жаңалықтар
    • Инфографика
  • Газет туралы
  • Редакция
  • Бас редактор
  • Баспасөз
  • PDF-нұсқа
  • Байланыс

Қарттарым аман — сау жүрші

Дүниеге келер бір рет,

Дария – кеуде, тау мүсін.

Құрыштан құйған құдырет,

Қарттарым аман-саумысың?!

Міне, бірде сирақтан қаққан сын мен сынаққа сүрініп, екіншіде еңсемізді қайта тіктеп, еншімізге бұйырғанды еселей жинаған он екі айды да артта қалдырдық. Жыл рауанын бірге қарсы алған қарттардың қатары сиреп, қарасы азайды. Уақыт қойнауына бұққан тарау-тарау таихымызды, дәмі кетпеген дәстүріміз бен сәні таусылмаған салтымызды Тәңірден бұйырған тәбәріктей сақтаған қарияларсыз, өткеніміздің өрнекті һәм өнегелі тұстарынсыз болашағымызға бағдарлы бағыт жоспарлай алмасымыз анық.

Пәтуәсі кеміген тірлікте бәтуәлі байламға жетелеп, мардымсыз дүниеге бола тұлпарын қысып, тебінген жұртқа басу айтып, билік пен бұқара арасын жалғайтын дуалы ауызды, дұғалы тілекті алдынғы толқын өкілдерінің басын біріктіріп, жаңа жыл қарсаңында мерекелік дастархан жаю өңір басшысы Ә.Жақанбаевтың назарынан тыс қалар дүние емес.

Тауық жылымен құшақтаса қоштасып, төрімізге төбетті оздырған мезгілде аудан әкімі киелі өлкедегі айтары бар ақсақалдарды, айдынды Алакөлдің даму жолында танбай, талмай еңбек еткен егде кісілерді, өнер, шығармашылық салаларында талай уақыт тер төккен үлкендерді жинап, ақ батасын алды.

Мерекелік дастарханда алғашқы болып сөз алған Әлібек Жақанбаев мырза: «Қартын сыйлаған елдің қадірі үстем, құрметі басым. Себебі, самайын күміс күптеп, қолына таяғы ілінген азаматтардың көргені көл-көсір, білгені ұшаң-теңіз. Олардың аман-саулығы, күллі мемлекеттің мызғымас іргетасының қалануының кепілі»,- дей келе, иегіндегі сақал мен иығындағы шапанның салмағына қарамастан шақыртудан бас тарпай келгендерге алғысын жаудырып, мерейлі мейраммен құттықтады.

Аудандық мәслихаттың хатшысы С.Жабжанов пен аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы С.Байбазаров өткен жылда орын алған тың өзгерістерге тоқталып, алдағы уақытта бұл қарқыннан айнымайтынымызды жеткізді.

Көптен бері көріспеген қариялар кезегімен өлең оқып, ән айтып, домбыра тартып, бір серпіліп қалды. Олардың құрметіне аудан өнерпаздары да аянып қалмай әуелете ән шырқап, күмбірлете күй шертті.

АЛМАТ ЕСЕНБЕКОВ.

Мәліметпен бөлісу:

Редакцияның мекен-жайы:

Жетісу облысы Алакөл ауданы, Үшарал қаласы,

Жеңіс көшесі № 129.

Редакция телефондары:
3-52-63,    3-52-68,

3-51-74

E-mail:
alakred@mail.ru

Құрылтайшы: Директор —  Алмат Асхатұлы

Меншік иесі: «Alakol Press» ЖШС

Бас редактор — Алмат Асхатұлы

Газет аптасына бір рет сенбі күні шығады.

Таралымы 4607

  • Басты бет
  • Газет туралы
  • Редакция
  • Бас редактор
  • Баспасөз
  • PDF-нұсқа
  • Байланыс
  • Басты жаңалықтар
  • Сайлау-2025
  • Дін және қоғам
  • Жұмысшы мамандық жылы
  • Білім
  • Жемқорлық
  • Саясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Тұлғатану
  • Ұлттық жаңғыру
  • Аграрлық сектор
  • Мәдениет
  • Спорт және туризм
  • Финграмота
  • Өзге жаңалықтар
  • Инфографика
Біз әлеуметтік желіде

© 2025 "Алакөл айнасы"

Барлық құқықтар сақталған. Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті.

Сайт құру

Kassymov