Басты бет
    • Газет туралы
    • Редакция
    • Бас редактор
    • Баспасөз
    • PDF-нұсқа
    • Байланыс
      • Басты жаңалықтар
      • Дін және қоғам
      • Заң және тәртіп
      • Жұмысшы мамандық жылы
      • Білім
      • Жемқорлық
      • Саясат
      • Қоғам
      • Денсаулық
      • Тұлғатану
      • Ұлттық жаңғыру
      • Аграрлық сектор
      • Мәдениет
      • Спорт және туризм
      • Финграмота
      • Сайлау-2025
      • Өзге жаңалықтар
      • Инфографика
  • alakred@mail.ru
Logo

- Press

Алакөл Аудандық қоғамдық — саяси газеті / Районная общественно — политическая газета

1935 жылғы қазан айынан шығады

  • Бүгін : 08. 11. 2025 жыл |
  • :
  • :
Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Дін және қоғам
    • Заң және тәртіп
    • Жұмысшы мамандық жылы
    • Білім
    • Жемқорлық
    • Саясат
    • Қоғам
    • Денсаулық
    • Тұлғатану
    • Ұлттық жаңғыру
    • Аграрлық сектор
    • Мәдениет
    • Спорт және туризм
    • Финграмота
    • Сайлау-2025
    • Өзге жаңалықтар
    • Инфографика
  • Газет туралы
  • Редакция
  • Бас редактор
  • Баспасөз
  • PDF-нұсқа
  • Байланыс

Ата кәсіп – серігі

Қазақ халқының ұлттық қолөнері сонау ерте заманнан бері қалыптасып келеді. Халықтың тұрмыс-тіршілігіне байланысты қолөнердің сан алуан түрі бар. Күнделікті пайдаланатын тұрмыстық заттардан бастап, қыздардың әшекей бұйымдары, киім-кешек тігу, үйге қажетті құрал-жабдықтар, ыдыс-аяқ, көрпешелердегі түрлі  ою-өрнектер, ұлттық музыкалық аспаптарды жасау – осының бәрі дерлік тұнып тұрған тарихтан сыр шеретін,  қажырлы еңбекті қажет ететін халқымыздың қолөнері.

Әрбір оюдың өзіндік мән-мағынасы бар. Ою-өрнектерді белгілі наным-сенімдерге байланысты өзіндік атаулары да қалыптасқан. Аспан әлеміндегі құбылыстарға байланысты өрнектер «ай», «күн», «жұлдыз», «айшық», «аймүйіз», «құс жолы», «жұлдызша», «кемпірқосақ» т.б. өрнектерді қайталайды. Заттардың атауына байланысты өрнектер «балға», «балта», «тарақ», «балдақ», «күмбез», «табақ», «қармақ», т.б. Ру таңбалары мен ел таңбаларға байланысты «тұмар», «айшық» « босаға», «тарақ», «көз», «шөміш», шылбыр», «көсеу», «ашамай» және т.б. ою-өрнек элементтері де бар. Бұның бәрі қазақ халқының сарқылмас қазынасы, бабадан қалған мұра.

Бүгінде қолөнер шеберлердің саны санаулы ғана. Ал ондағы жастардың үлесі тіптен көп емес. Ата кәсіпті серік қылып, ұрпақтан ұрпаққа жалғастырамын деген жастардың бірі Біржан Ғабитұлы Құрмаш.

1997 жылы 5 қыркүйекте Үржар ауданы, Шолпан ауылында дүниеге келсе де, кішкентайынан Алакөл ауданының суын ішіп, осы ауданнан түлеп ұшқан. Бүгінде Үшарал қаласындағы «Баба жолы» шеберханасында қолөнермен айналысады. С.Иманасов мектебінің түлегі қазір музыкалық аспаптарды жасап жүр.

Б.Құрмаш ұстазы Ертай Байжалғастан үйренгенін тәжірибеде қолданып, домбыра құрап, шауып, ұлттық өнерге өз үлесін қосып жүр. Қазақтың қоңыр үні қазақ даласында қалқып тұру үшін де музыкалық аспаптарды жасайтын шеберлердің ел үшін маңызы зор деуге болады. Олар ғасырдан ғасырға жалғасқан ақпаратты тасушы адамдар. Ұлттың жылдар бойы жинаған тәжірибесін бір бойында сақтап жүрген шеберлер. Сондықтан өнерді өлкеге қанат жайған жастардың да кейінгі ұрпаққа үйретері мол, қолөнердің жалғасты болуына өз үлесін қосады деген сенім де пайда болады.

Біржан Құрмаш музыкалық аспаптардан бөлек, ағаштан мүсіншелер ойып, қобдишалар жасап, ою ойып, ұлттық аспаптарды, оның ішінде кесе, ағаш табақ, тостағандар мен ожау жасаумен де айналысады. Бүгінде бұдан да көп білсем, білімімді толықтырсам деген шебер әлі де біраз шаруа бітіруге ниетті.

Ауданымыз қолөнер шеберлеріне кенде емес. Олардың қатары көбейсе, болашақ үшін пайдалы болары сөзсіз.

Музыкалық аспаптарды жасауда аса шыдамдылық, табандылық, шығармашылық қабілет керек. Себебі әр жұмыстың өз қиындығы барын ескерсек, аспаптарды дайындауда дыбыстың дұрыс әрі таза шығуы үшін, аспаптың сапалы болуы үшін өнімді ету қажет екен. Қазіргі музыканттардың аспапқа деген сұранысы көп. Сондықтан талабын ескеріп, қалауына сай, көңілінен шығатындай аспап түрін жасау үшін шеберлік қажет. Демек, сұраныс бар жерде қай нәрсенің де жоғалмасы анық, яки ұмыт болмасы да хақ. Бұл көнермеген өнердің ешқашан өшпейтінін білдіреді.

А.СҮЛЕЙМЕН.

Мәліметпен бөлісу:

  • WhatsApp
  • Twitter
  • ВКонтакте
  • WhatsApp
  • Одноклассники
  • Мой Мир

Редакцияның мекен-жайы:

Жетісу облысы Алакөл ауданы, Үшарал қаласы,

Жеңіс көшесі № 129.

Редакция телефондары:
3-52-63,    3-52-68,

3-51-74

E-mail:
alakred@mail.ru

Құрылтайшы: Директор —  Алмат Асхатұлы

Меншік иесі: «Alakol Press» ЖШС

Бас редактор — Алмат Асхатұлы

Газет аптасына бір рет сенбі күні шығады.

Таралымы 4607

  • Басты бет
  • Газет туралы
  • Редакция
  • Бас редактор
  • Баспасөз
  • PDF-нұсқа
  • Байланыс
  • Басты жаңалықтар
  • Дін және қоғам
  • Заң және тәртіп
  • Жұмысшы мамандық жылы
  • Білім
  • Жемқорлық
  • Саясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Тұлғатану
  • Ұлттық жаңғыру
  • Аграрлық сектор
  • Мәдениет
  • Спорт және туризм
  • Финграмота
  • Сайлау-2025
  • Өзге жаңалықтар
  • Инфографика
Біз әлеуметтік желіде

© 2025 "Алакөл айнасы"

Барлық құқықтар сақталған. Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті.

Сайт құру

Kassymov