Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі

Аудандық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасыҚырғызстан өндірісінің ет, шұжық және сүт өнімдері, кондитерлік бұйымдары мен консервіленген өнімдерін әкелуге және өткізуге уақытша тыйым салу бойынша Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің Қаулысы тізілімін назарларыңызға ұсынады:

-«КФ «АТА» ЖШС өндірген барлық кондитерлік бұйымдар, Шопоков қаласы;
-«РАМАКС» ШЖҚ өндірісінің «RAMAX» атауындағы барлық консервіленген өнімдер, Военно-Антоновка селосы;
-«КД «Куликовский» ЖШС өндірген барлық кондитерлік бұйымдар, Аламудун селосы;
– «Риха»барлық сауда белгісіменшұжық және ет өнімдері, Бішкек қаласы;
-«Крестьянское» сары майы м.м.ү. 72%, «Ак сут» ШЖҚ , Беловодское ауылы;
-«Голландский » сыры м.м.ү. 45%, «Эмилия» ОсОО , Таласс ауданы, Кызыл-Адыр ауылы;
-«Птичье молоко» торты, «Трубочки» тәтті тоқашы, «Макарон ассорти», «Кондитерский Дом «Куликовский»печеньесі, Аламудунауыл.

Жоғарыда аталған өнімдер Кеден одағының техникалық регламенттерінің «Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі» (021/2011) мен «Таңбалау тұрғысынан тамақ өнімдері» (022/2011) талаптарына сай емес.

А.Чарапиев,
аудандық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы.

Мәліметпен бөлісу: