Басты бет
    • Газет туралы
    • Редакция
    • Бас редактор
    • Баспасөз
    • PDF-нұсқа
    • Байланыс
      • Басты жаңалықтар
      • Сайлау-2025
      • Дін және қоғам
      • Жұмысшы мамандық жылы
      • Білім
      • Жемқорлық
      • Саясат
      • Қоғам
      • Денсаулық
      • Тұлғатану
      • Ұлттық жаңғыру
      • Аграрлық сектор
      • Мәдениет
      • Спорт және туризм
      • Финграмота
      • Өзге жаңалықтар
      • Инфографика
  • alakred@mail.ru
Logo

- Press

Алакөл Аудандық қоғамдық — саяси газеті / Районная общественно — политическая газета

1935 жылғы қазан айынан шығады

  • Бүгін : 18. 08. 2025 жыл |
  • :
  • :
Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Сайлау-2025
    • Дін және қоғам
    • Жұмысшы мамандық жылы
    • Білім
    • Жемқорлық
    • Саясат
    • Қоғам
    • Денсаулық
    • Тұлғатану
    • Ұлттық жаңғыру
    • Аграрлық сектор
    • Мәдениет
    • Спорт және туризм
    • Финграмота
    • Өзге жаңалықтар
    • Инфографика
  • Газет туралы
  • Редакция
  • Бас редактор
  • Баспасөз
  • PDF-нұсқа
  • Байланыс

Тастүйін ымырашылдық қажет

Дүниежүзін дүрліктіріп, әлем халқын дүрбелеңге салған дерт барша мемлекеттерге дендеп, елдің құтын қашырғаны белгілі. Бұл індет Қазақстанды да шет айналып өткен жоқ. Осы ретте ең алдымен сабыр мен тәртіптің маңыздылығы айқын байқалғандай.


Сырқатты ауыздықтау мақсатында ҚР Тұңғыш Президенті, Елбасы Н.Назарбаев халыққа Үндеу жолдап, келелі мәселелерді көтерді. Соның ішінде дертке қарсы арнайы қор құрып, қалталы азаматтарды бұл сынаққа біріге төтеп беруге шақыруы құптарлық іс.
Шыны керек, ел тарихының тарамды тамырына үңіліп, бұрынғы мен бүгінімізді саралайтын болсақ, ХХІ ғасырдағы Тәуелсіз Қазақстан болу үшін ұлтымыз көптеген қиын-қыстау кезеңдерді, аласапыран мен алмағайып замандарды басынан өткерді. Мың өліп, мың тірілген жұртымыздың тастүйін ымырашылдығы мен береке құмарлығының арқасында аман қалып, кез-келген ел шыдас бере бермейтін сынақтарды еңсерді. Ел басынан күн туған заматтарда бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығарған қазақтың бүгінгі таңы арайлы, шуақты болып отырғаны хақ. Осы ретте «Тәж вирусына» да бірге төтеп беру, қатаң тәртіп пен сабырлылықты сақтау біз үшін басты ем десе де болады.
Даладай дархан пейілді, жүз жығылса, жүз тұрған еліміз ежелден жетімін кемеңгер, жесірін әмеңгер етіп, бір-біріне қолғабыс етуді тұғырынан түсірген емес. Қазіргі уақытта да осы ізгі қасиетінің арқасында бірыңғай қорға атымтай азаматтар қолғабыс етіп, дертке қарсы тұруда септесулері үлкен көмек болар еді. Айқыны, қазір жеке бастың қамын ойлау далбасалық. Себебі бұл індет ортақ жауымыз болып отыр.
Тағы да айта кететіні жүктің барлығын қаржылы ерлестерімізге артып қоюдың да жөні жоқ. «Көп тебінсе жер де сілкінеді» демекші, азды-кем барығымыз да бұл вирустың жолын бөгеуге демдессек ұпайымыз ұтымды түгенделмек.
Береке мен бірлік, татулық пен ымырашылдық барда бізге алынбайтын қамал жоқ. Басқа түскен сынаққа ел болып төтеп беріп, барлық қиындықты иық тірестіре еңсерейік.

Дүйсебаева Ұлжалғас Бурасанқызы
Алакөл аудандық аналар кеңесінің төрайымы

Мәліметпен бөлісу:

  • WhatsApp
  • Twitter
  • ВКонтакте
  • WhatsApp
  • Одноклассники
  • РњРѕР№ РњРёСЂ

Редакцияның мекен-жайы:

Жетісу облысы Алакөл ауданы, Үшарал қаласы,

Жеңіс көшесі № 129.

Редакция телефондары:
3-52-63,    3-52-68,

3-51-74

E-mail:
alakred@mail.ru

Құрылтайшы: Директор —  Алмат Асхатұлы

Меншік иесі: «Alakol Press» ЖШС

Бас редактор — Алмат Асхатұлы

Газет аптасына бір рет сенбі күні шығады.

Таралымы 4607

  • Басты бет
  • Газет туралы
  • Редакция
  • Бас редактор
  • Баспасөз
  • PDF-нұсқа
  • Байланыс
  • Басты жаңалықтар
  • Сайлау-2025
  • Дін және қоғам
  • Жұмысшы мамандық жылы
  • Білім
  • Жемқорлық
  • Саясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Тұлғатану
  • Ұлттық жаңғыру
  • Аграрлық сектор
  • Мәдениет
  • Спорт және туризм
  • Финграмота
  • Өзге жаңалықтар
  • Инфографика
Біз әлеуметтік желіде

© 2025 "Алакөл айнасы"

Барлық құқықтар сақталған. Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті.

Сайт құру

Kassymov