Басты бет
    • Газет туралы
    • Редакция
    • Бас редактор
    • Баспасөз
    • PDF-нұсқа
    • Байланыс
      • Басты жаңалықтар
      • Сайлау-2025
      • Дін және қоғам
      • Жұмысшы мамандық жылы
      • Білім
      • Жемқорлық
      • Саясат
      • Қоғам
      • Денсаулық
      • Тұлғатану
      • Ұлттық жаңғыру
      • Аграрлық сектор
      • Мәдениет
      • Спорт және туризм
      • Финграмота
      • Өзге жаңалықтар
      • Инфографика
  • alakred@mail.ru
Logo

- Press

Алакөл Аудандық қоғамдық — саяси газеті / Районная общественно — политическая газета

1935 жылғы қазан айынан шығады

  • Бүгін : 13. 08. 2025 жыл |
  • :
  • :
Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Сайлау-2025
    • Дін және қоғам
    • Жұмысшы мамандық жылы
    • Білім
    • Жемқорлық
    • Саясат
    • Қоғам
    • Денсаулық
    • Тұлғатану
    • Ұлттық жаңғыру
    • Аграрлық сектор
    • Мәдениет
    • Спорт және туризм
    • Финграмота
    • Өзге жаңалықтар
    • Инфографика
  • Газет туралы
  • Редакция
  • Бас редактор
  • Баспасөз
  • PDF-нұсқа
  • Байланыс

Жетісу облысында 6 жасырын казиноның қызметі тоқтатылды


Жетісу облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті құқық қорғау органдарымен бірлесіп облыс аумағынан 6 жасырын заңсыз жерасты ойын мекемесін анықтады. Одан бөлек, «Қорғас» ХШЫО аумағында жезөкшелікпен айналысқан бір притонның жұмысын тоқтатты. Бұл туралы Жетісу облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің аса маңызды істер жөніндегі жедел әкілі Ербол Құрманбаев бөлісті. «Жерасты ойын мекемелері түнгі уақытта шектеулі адамдар үшін, атап айтқанда ҚХР азаматтары үшін жұмыс істегені анықталды. Жүргізілген тінту іс-шараларының нәтижесінде 76 ойын автоматы, 43 ойын үстелі, құмар ойындарды ұйымдастыруға қажетті көптеген техникалық жабдықтар, сондай-ақ, 60 мыңнан астам қытай юань сомасындағы ақша табылды және тәркіленді. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жалғасуда», — деді спикер. Бүгінде IT құралдар арқылы интернет-кеңістікте заңсыз жұмыс жасау жүзеге асырылуда. Заңсыз контент белгілері бар анықталған сайттарды (аккаунттар) бұғаттау үшін Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігіне жіберіледі. Жыл басынан бері Жетісу облысы бойынша 1200-ге жуық заңсыз контент анықталып, барлығы бұғатталды. Сондай-ақ, тұлғалардың әлеуметтік желілерде, атап айтқанда Instagram платформасында заңсыз лотереялық ұтыс ойындарын ұйымдастыру жағдайлары жиілеп кетті. Instagram парақшасында заңсыз лотерея ұйымдастырған Жетісу облысының екі тұрғынына қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылып, айыптыларды кінәлі деп тауып, 70 АЕК мөлшерінде айыппұл салды. Спикердің айтуынша, Департамент министрлікпен бірлесіп әлеуметтік желілердегі жағдайды мұқият қадағалайды және заңнаманың сақталуын қамтамасыз ету үшін шаралар қабылдайды. Осыған байланысты азаматтарды заңсыз лотереяны, оның ішінде әлеуметтік желілерде ұйымдастырғаны үшін әкімшілік жауапкершілік туралы ескертеді.

Мәліметпен бөлісу:

Редакцияның мекен-жайы:

Жетісу облысы Алакөл ауданы, Үшарал қаласы,

Жеңіс көшесі № 129.

Редакция телефондары:
3-52-63,    3-52-68,

3-51-74

E-mail:
alakred@mail.ru

Құрылтайшы: Директор —  Алмат Асхатұлы

Меншік иесі: «Alakol Press» ЖШС

Бас редактор — Алмат Асхатұлы

Газет аптасына бір рет сенбі күні шығады.

Таралымы 4607

  • Басты бет
  • Газет туралы
  • Редакция
  • Бас редактор
  • Баспасөз
  • PDF-нұсқа
  • Байланыс
  • Басты жаңалықтар
  • Сайлау-2025
  • Дін және қоғам
  • Жұмысшы мамандық жылы
  • Білім
  • Жемқорлық
  • Саясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Тұлғатану
  • Ұлттық жаңғыру
  • Аграрлық сектор
  • Мәдениет
  • Спорт және туризм
  • Финграмота
  • Өзге жаңалықтар
  • Инфографика
Біз әлеуметтік желіде

© 2025 "Алакөл айнасы"

Барлық құқықтар сақталған. Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті.

Сайт құру

Kassymov