1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні құтты болсын!


Осы мерекеге орай «Заң мен тәртіп» идеологемасы аясында «Спорт – есірткіге қарсы!» ұранымен аудан тұрғындары мен қонақтары арасында жүгіру марафоны өтті.
Жарысқа 350-ге жуық қатысушы қатысып, белсенділік пен бірліктің жарқын үлгісін көрсетті.
Жарыс қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер грамота, медаль және арнайы сыйлықтармен марапатталды.
Бірлік бар жерде – тірлік бар!

Мәліметпен бөлісу: