
Аталған жарыстарға жалпы 50 жасөспірім қатысып, өз бақтарын сынады. Қатысушылар зияткерлік ойындар мен ұлттық спорт түрлерінде өз шеберліктерін көрсетіп, тартысты бәсеке сыйлады.
🏆 Жарыс қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер грамоталармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Балалардың бос уақытын тиімді ұйымдастыруға бағытталған бұл шара жас ұрпақтың спортқа деген қызығушылығын арттырып, ұлттық құндылықтарды дәріптеуге өз үлесін қосты.
