
2025 жылдың 12 желтоқсан күні Қайнар ауылдық округінде Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай оқушылар арасында баскетбол жарысы ұйымдастырылып өтті.
Іс-шараның мақсаты — бұқаралық спортты дамыту, жасөспірімдерді салауатты өмір салтына баулу және спортқа деген қызығушылықтарын арттыру.
Жарыс жоғары деңгейде өтті. Қатысушылар шеберліктері мен командалық үйлесімділіктерін көрсетіп, тартысты ойын өрнегін ұсынды.
Жарыс қорытындысы бойынша жеңімпаз командалар кубок, медальдар және мақтау қағаздарымен марапатталды.
