Жағатал ауылдық округі әкімінің ұйымдастырумен Қазақстан ауылында 130 ана, оның ішінде алтын және күміс алқа иегерлері, көп балалы аналар және кәсіпкерлерді шақырып, «Аналар – асыл жандар» деген мерекелік жиын өтті. Айта кету керек, Жағатал ауылдық округінде 21 «Алтын алқа» және 23 «Күміс алқа» иегері бар.
Шара барысында Жағатал ауылдық округінің әкімі Қ.Тұрлыбеков сөз сөйлеп, аналарды көктемнің жылуындай болып келген мерекемен құттықтап, ауылдағы мекеме басшыларын Алғыс хатпен марапаттады. Сондай-ақ ақсақалдар алқасының төрағасы Р.Басшығұлов, ардагерлер алқасының төрағасы Р.Себепов және жергілікті қоғамдастық келісім кеңесінің төрағасы Б.Бейсенбаев мерекеге себепшісі болған барша аналарымызға жылы лебізін білдірді.
Шараның ресми бөлігі аяқталған соң, Зейнеп Қойшыбаева атындағы аудандық мәдениет үйі әншілерінің мерекелік ән-шашу бағдарламасымен жалғасты.
А.ӘБИТҰЛЫ.