156 млн. қаражат қарастырылды

Алакөл ауданынан Алматы
облыстық мәслихатының депутаты Баршагүл Саятова өңір
басшысы Амандық Ғаббасұлының қабылдауында болып,
айдынды өлкенің қарқынды
дамуына қажетті деген мәселелерді көтерді.
Ең алдымен аудандағы егістік
жерлерінің көлемін арттыру мақсатында қолға алынған каналдарды күрделі жөндеуден өткізу тақырыбына тоқталды. Қазіргі таңда екінші мәрте лот өткізіліп, күн жылысымен жұмыстар да басталмақ.

Осы ретте Б.Саятова бұл істің аудандағы ауыл шаруашылығын өркендетуге, соның ішінде дихандар жұмысының өрге домалауына қаншалықты көмек екендігін сөз етіп, суару жүйесінің
ЖСҚ-сын түзетуге 56 млн. теңге қажеттігін тілге тиек етті. Егіндік
жердің ұлғаюына және судың жеткілікті мөлшерде келуіне толықтай
жағдай жасайтын бұл бастаманың бөгеліп қалмауы үшін облыс әкімі
А.Баталов тиісті қаражаттың бөлінетіндігін айтты.
Шыны керек, ауданның тірек салаларының бірі саналар ауыл
шаруашылығын дамыту, осы бағытта қам қылып жүрген шаруаларға
қолдау көрсету арқылы тұрақты экономикалық өсімге қол жеткізе
аламыз. Қазіргі таңда егінге кеткен судың жартысы канал құмдарына
сіңіп, жетіспеушілік байқалуда. Осы ретте каналдарды толықтай ретке келтіріп, әр тамшы судың діттеген жеріне жетуіне қолайлы жағдай туғызу, сол арқылы дихандар еңбегінің өнімділігін арттыру сауапты іс. Бұдан бөлек, Қабанбай ауылындағы ауруханасы күрделі жөндеуден өтіп, мамандар тапшылығына жол бермеу үшін баспана мәселесін шешу ісі қозғалды. Ауылды жерге жас мамандарды тартып, тұрғын үймен қамтамасыз ету арқылы пандемиямен күреске де қосқан үлес деп білеміз. Осы ретте Қабанбай ауылына коттеждік үлгідегі бес тұрғын үй салу үшін 100 млн. теңге бөлінетін болды. Облыс әкімі бұл іске оң көзқарас танытып, қолдау көрсетілетінін жеткізді.


А. ЕСЕНБЕКОВ,
аудандық
мәслихаттың депутаты.

Мәліметпен бөлісу: