18 кітап қазақ тіліне аударылды

Былтырғы жылдың басты резонансына айналған Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» тақырыбындағы тағылымды туындысында озық елдердің даму процесін жеделдетуге ықпал еткен үздік 100 оқулықты қазақ тіліне аудару мәселесі көтерілген болатын. Міне, күні кеше ғана кемел бастаманың бастапқы баспалдағы бағындырылды. Нақтырақ айтсақ, Ұлт көшбасшысының қатысуымен «Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы аясында алғашқы 18 кітап төл тілімізге тәржімаланды. 

Аталмыш кітаптардың тұсаукесерінде Мемлекет басшысы бұл оқулықтар биылғы оқу жылынан бастап білім бағдарламасына енгізілетінін жеткізді. Сонымен қатар, 2018 жылға бекітілген 30 кітап дер кезінде аударылып, оқырмандар қолына жетуін жіті қадағалауды тапсырды. 

Сапалы білім саналы ұрпақ өсіруге, ал саналы ұрпақ мемлекет болашағын мызғымастай етіп қалыптастыруға түрткі екендігі даусыз. Осы ретте әлем халықтарының кіл маржан кітаптарының қазақ тіліне аударылып, білім беру жүйесіне енгізілуі ұтқан тұсымыз. Сан салада жазылған оқулықтар Қазақстандағы ғылым мен білімнің замана көшіне ілесуіне ықпал етпек. Ал білімнің салтанат құруы жаһандық бәсекелестіктегі бәсімізді жоғарылата түсері сөзсіз.  

Алмат Есенбеков. 

Мәліметпен бөлісу: