
Жарысқа аудан бойынша 19 команда қатысып, 200-ден астам спортшы өз бақтарын сынады. Турнир жоғары деңгейде ұйымдастырылып, тартысты ойындарға толы болды.
🏆 Жарыс қорытындысы бойынша:
🥇 1-орын — «Ақтүбек» командасы
🥈 2-орын — Шекара басқармасы
🥉 3-орын — «Бескөл» командасы
Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге ақшалай сертификаттар, кубоктар, медальдар және грамоталар табысталды.
