Жағатал жұртшылығымен жүздестік


Көпшіліктің көкейін түркен мәселенің бірі — АЭС құрылысы. Ел арасында сыңаржақ пікір тудырған тақырып төңірегінде түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында халықтық штаб мүшелері Жағатал ауылдық округінің жұртшылығымен жүздесті.
Әрине, қауіп әр жерде бар. Алайда, білім мен ғылымның қарыштап дамыған уақытында жаңашылдықтардан бас тартып, мүмкіндікке немқұрайды қарау қате. Осы ретте жағаталдық жайсаң жұртшылыққа штаб мүшесі Қоңыржай Ксталасова мемлекет басшысының Жолдауында көтерілген келелі бастамалар төңірегінде ой қорытты. Облыстық мәслихат депутаты Алмат Садиев Алматы маңындағы зерттеу институтында атқарылып жатқан жұмыстар, қазақстандық ғалымдардың жаңалықтары мен еңбегі жайлы сөз қозғады.


Штаб мүшесі Алмат Есенбеков АЭС салу ісінің білім мен ғылымның, медицинаның, өндіріс пен кәсіпкерліктің қарыштап дамуына берер шексіз пайдасы, энергетикалық қауіпсіздік пен тәуелділіктен арылуға бастар жол екендігін тілге тиек еттім. Халық арасынан ақсақалдар өз ойларын жеткізіп, АЭС-ті қолдау болашақты қолдау екенін жеткізді.

Мәліметпен бөлісу: