Мереке құрметіне

Осыдан тура 26 жыл бұрын өзінің Тәуелсіздігін бүкіл әлемге паш еткен Қазақстан атты жас мемлекет өткен уақыт аралығында қарыштап дамып, толағай табыстарға қол жеткізді. Басқасын былай қойғанда тек биылдың өзінде XXVI қысқы Универсиаданы, «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесін жоғары деңгейде өткізіп, кейбір елдерде болып жатқан қақтығыс-тарды тоқтатуға ара ағайын ретінде өз үлесін қосты. Бұл жетістіктерде Алакөл өңірі еңбеккерлерінің де қолтаңбасы бар екендігін мақтанышпен айта аламыз. Қазір ауда-нымыз әлеуметтік-экономикалық дамуы жағынан облыс көлемінде алғашқы бестіктің қатарынан кө-рінуде.

Тәуелсіздік мерекесіне орай З.Қойшыбаева атындағы мәдениет үйінде өткен салтанатты жиынға еңбек ұжымдарының, қоғамдық ұйымдардың өкілдері, ақсақалдар алқасының төрағалары қатысты.
Залға салтанатты түрде еліміздің көк байрағы енгізіліп, имніміз орындалды.
Аудан әкімі Ә.Жақанбаев Қазақстанның кешегісі мен бүгінгісі жай-лы баяндама жасап, ел Тәуелсіздігінің тұғырлы болуы үшін жасалып жатқан жұмыстарға тоқ-талып, жиналғандарға береке-бірлік, отбасыларына қуаныш пен бақыт тіледі. Бір топ азаматтарға облыс әкімінің Құрмет грамотасы мен Алғыс хатын және өзінің марапаттарын табыс етті.
Бас қосуда «Құрмет» орденімен наградталған «Нусипов и К» ЖШС-нің төрағасы Қ.Нүсіпов, «Нұр Отан» партиясы аудандық саяси кеңесінің мүшесі, Теректі орта мектебінің директоры Н.Ластоверов, Достық ауылдық округінің жастар ісі жөніндегі нұсқаушысы А.Сәрсенбаева ізгі тілектерін білдірді.
Жиынның соңы аудан көркемөнерпаздары дайындаған үлкен концерттік бағдарламаға ұласты.

А.ЖАЛБИН.

Мәліметпен бөлісу: