АЭС-ті қолдау жөніндегі штаб мүшелері Қабанбай ауылдық округінде болды. Аудан орталығынан кейін үлкен ауыл саналатын елді мекен жұртшығы бұл іске оң қабақ танытып отырғандай. Оны штаб мүшелерімен өткен кездесудегі жағымды пікірлерден аңғардық.
Штаб басшысы, «Amanat» партиясы аудандық филиалының төрағасы Қайрат Көкебаев нақты Жолдауда айтылған басым бағыттар, еліміздің даму перспективаларын жоғарылататын басымдықтар және АЭС құрылысының маңыздылығы жайлы айтып өтті.
Штаб мүшесі А.Есенбеков мемлекеттің экономикалық тұрақтылығы мен энергетикалық тәуелсіздігіне, шет елдерге деген тәуелділіктен арылуға АЭС-тің берер мүмкіндіктері, өндіріс пен кәсіпкерілктің, білім мен ғылымның, медицинаның, ауыл шаруашылығының дамуына берер серпіні жайлы сөз қозғады.
Аудандық аналар кеңесінің төрайымы Ұ.Бурасанқызы 6 қазанда жұрт болып бірігіп, бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығара отырып, референдумда өз таңдауымызды жасауға шақырды.
Сонымен қатар Үйгентас орман шаруашылығы мемлекеттік мекемесінңі ғимаратында жұмысшылармен жеке кездесу ұйымдастырылып, аталған тақырып төңірегінде түсіндірме жұмыстары жүргізілді.