Ақжар ауылдық округінде де түсіндірме жұмыстарын жүргізді

Штаб мүшелері Ақжар ауылдық округіндеАқжарма мінезді халықтың басы біріккен Ақжар ауылдық округінде де халықтық штаб мүшелері түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Жиын барысында мемлекет басшысының Жолдауы, құнды құжаттағы келелі мәселелер, АЭС құрылысының маңыздылығы жайлы әңгіме өрбіді.


Штаб мүшелері Қ.Көкебаев пен А.Есенбеков ауыл халқымен ашық диолог алаңын құрып, қуатты Қазақстанды қалыптастыруға, қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, ішкі нарықты жарықпен толықтай қамтуға АЭС-тің берер орасан зор пайдасы жайлы айтып кетті. Сонымен қатар 6 қазанда өтетін референдумға бір адамдай қатысуға шақырды.
Халық тарапынан АЭС құрылысы электр қуатына төлейтін қаржыны азайтады ма, Балқаш көлінің суына және табиғатқа зиян келмей ме, құрылыс барысында сыбайлас жемқорлық әрекеттерін болдымау үшін кімдер қадағалау жасайды, 1 АЭС Қазақстанның қуатты пайдалану мөлшерінің қанша пайызын жабады және оның тиімділігі қандай деген сауалдар қойып, тиісті жауаптарын алды.

Мәліметпен бөлісу: