Жуырда Мемлекет басшысы Қ. К Тоқаев «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты кезекті Қазақстан Халқына жолдауын жариялаған болатын. Жолдауда Мемлекет басшысы Қазақстанда Атом электр станциясын салу мәселесіне қатысты жалпыұлттық референдум биыл 6 қазанда өтетінін атап өтті.
Алдағы референдум кең ауқымды жалпыұлттық диалогтың тағы бір айқын көрінісі болмақ. Атом электр станциясын салу арқылы еліміздің экономикасы, ғылым, білім және басқа да салалар дамып, осындай қадамдар арқылы жаңа қоғамдық-саяси мәдениеттің негізін қалаймыз.
Бүгінде, еліміздегі басты мәселелердің бірі – жұмыссыздық. Жұмыссыздық — заман дерті. Қазақ еңбекті жоғары бағалаған. Алайда, қазір кейбір жастар екі қолға бір күрек таппай жүреді. Атом электр станциясы салынса бұл мәселе оң шешімін табары анық. Себебі, Қазақстанда АЭС салынуы жаңа жұмыс орындарының ашылуына, ғылыми зерттеулердің дамуына және білікті мамандардың даярлануына үлкен серпін береді. АЭС қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін еліміздегі инженерлер мен ядролық физика саласының мамандарына үлкен жауапкершілік жүктеледі. Құрылыс, машина жасау, энергетика, білім беру сияқты салаларда жаңадан жұмыс орындары ашылып, жастар белсене кіріссе ел дамуының бірден-бір кепілі болмақ.
Аудан әкімінің баспасөз хатшысы А. Мұрат