Достық тұрғындары бейбіт атомды қолдайды

АЭС – болашақта елді энергетикалық тәуелділіктен алып шығатын зор мүмкіндік. Жасыл энергия көзіне жататын атом электр стансысын салу арқылы ғалымдар бірнеше мәселені шешуге болатынын айтып отыр. Біз сол мүмкіндіктен айрылмауымыз керек. АЭС салуды қолдау жөніндегі республикалық халықтық штаб мүшесі Ғалиасқар Сарыбаев Алакөл ауданына қарасты Достық ауылындағы орта мектептің ұжымымен кездесуді осындай жалынды сөздермен бастады.

Ғалиасқар Сарыбаев үреймен күнелту арқылы қоршаған орта апатқа жетелеу орын алатынын алға тартты.

“Әлем СО2 шығарындыларынан туындайтын ғаламдық климаттың өзгеруінің алдында тұр. Біз енді планетаның атмосферасын ластайтын энергия көздерін ойланбай пайдалана алмаймыз. Сондықтан Батыс елдері көміртек салығын ойлап тапқан. Бұл салық түрі 2023 жылға қарай енгізіліп, алюминий, мыс және т.б. табиғи ресурстарға қатысты болады. Экономикасы негізінен табиғи ресурстарды, бірінші кезекте көміртекті экспорттауға негізделген Қазақстан үшін бұл салық өте ауыр зардап әкелуі мүмкін. Біз экспортта айтарлықтай үлкен сомадан айырыламыз. Сондықтан біз үшін таза энергия көздерін қолданысқа енгізу бүгінде өте маңызды. Оның ішінде АЭС салу Қазақстан үшін маңызды қадам”, — деді Ғ.Сарыбаев.

Әлемде салыну әдісі мен технологиясына сай АЭС-тер бірнеше буынға (поколение) бөлінеді. Әзірге айшықталған 5 буын бар. Соның төртеуі жүзеге асқан, соңғы буын әзірге жүзеге асқан жоқ. Апат орын алған екі стансы да ІІ буынға жатады. Бұл 1967 жылы салынған реакторлар. Ал біз ІІІ+ буынды реактор салуды көздеп отырмыз. Жүзеге асқан жалғыз V буынның АЭС-і Қытайда. Қазақстанның таңдауы түскен буындағы АЭС-тер әлемде өз қауіпсіздігін дәлелдеді. Сондықтан жарқын болашақ үшін әрбір қазақстандық 6-қазанда дауыс беруі керек

Мәліметпен бөлісу: