Басты бет
    • Газет туралы
    • Редакция
    • Бас редактор
    • Баспасөз
    • PDF-нұсқа
    • Байланыс
      • Басты жаңалықтар
      • Сайлау-2025
      • Дін және қоғам
      • Жұмысшы мамандық жылы
      • Білім
      • Жемқорлық
      • Саясат
      • Қоғам
      • Денсаулық
      • Тұлғатану
      • Ұлттық жаңғыру
      • Аграрлық сектор
      • Мәдениет
      • Спорт және туризм
      • Финграмота
      • Өзге жаңалықтар
      • Инфографика
  • alakred@mail.ru
Logo

- Press

Алакөл Аудандық қоғамдық — саяси газеті / Районная общественно — политическая газета

1935 жылғы қазан айынан шығады

  • Бүгін : 09. 06. 2025 жыл |
  • :
  • :
Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Сайлау-2025
    • Дін және қоғам
    • Жұмысшы мамандық жылы
    • Білім
    • Жемқорлық
    • Саясат
    • Қоғам
    • Денсаулық
    • Тұлғатану
    • Ұлттық жаңғыру
    • Аграрлық сектор
    • Мәдениет
    • Спорт және туризм
    • Финграмота
    • Өзге жаңалықтар
    • Инфографика
  • Газет туралы
  • Редакция
  • Бас редактор
  • Баспасөз
  • PDF-нұсқа
  • Байланыс

АЭС салуды қолдау жөніндегі халықтық штаб Ақтөбе облысына барды

Ғылым академиясының президенті Ақылбек Күрішбаев халықтың сұрақтарына жауап берді

АЭС салуды қолдау жөніндегі Халықтық штабтың жұмысы бүгін Ақтөбе облысында жалғасты. Ұлттық Ғылым академиясының президенті Ақылбек Күрішбаев бастаған депутаттар, сарапшылар және қоғам қайраткерлері  «Aqbobek International School» мектебінде ұстаздармен кездесіп, атом энергетикасының еліміздің экономикасы мен энергетикалық қауіпсіздігіне тигізер ықпалын талқылады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Ұлттық Ғылым академиясының президенті Ақылбек Күрішбаев АЭС экологиялық таза энергияның сенімді көзі ретінде маңызды рөл атқаратынын атап өтті. Оның көміртекті энергия көздеріне тәуелділікті азайту арқылы қоршаған ортаға тигізетін оң әсерін егжей-тегжейлі түсіндірді.

«Біздің энергетикамыздың 70 пайызы көмір стансасының негізінде жұмыс істеп тұр. Олардың барлығы тозған. Оның үстіне көмір электр стансасының экологияға зияны бар. Мысалы 1 ГБ энергия шығаратын көмір стансасы 3-7 миллион тонна көмірқышқыл газын, 300 мың тонна күл шығарады. Бұның ішінде зиянды қосындылар да бар. Енді біз қандай жағдайда өмір сүріп жатырғанымызды ойланып көрейік. Сондықтан әрбір мемлекет осындай көмір стансаларын жабатын болады. Ал АЭС-нан көмірқышқыл газы, күл шықпайды. Сондықтан жасыл энергияға жатады», — деді ол.

Мектептегі физика пәнінің оқытушысы Аманжол Бақтығұлов еліміздегі ғылыми-техникалық прогрес мәселесін атом электр станциясының құрылысымен байланыстырды. Сондай-ақ ол АЭС-тың тиімділігіне тоқталды.

«Мен радиоактивтілік және атом құрылысы жөніндегі ілімнің негізін салушы Эрнест Резерфордтың теорияларын жата — жастана оқыған мамандардың бірімін. Атомшы болмасам да, физик ретінде елімізде АЭС салудың тиімді тұстарын біліп отырмын. АЭС құрылысы түрлі ғылыми саладағы зерттеулерді  жетілдіруге серпін береді. Жастардың жаңа бағытта ізденуіне, тың мамандықты игеруге құлшынысы оянатыны анық»,  — деді ол.

Өзге де ұстаздар тың бастамаға бірауыздан қолдау білдіріп, энергия ел экономикасын қозғаушы күші деген ортақ пікірге келді.

Мәліметпен бөлісу:

Редакцияның мекен-жайы:

Жетісу облысы Алакөл ауданы, Үшарал қаласы,

Жеңіс көшесі № 129.

Редакция телефондары:
3-52-63,    3-52-68,

3-51-74

E-mail:
alakred@mail.ru

Құрылтайшы: Директор —  Алмат Асхатұлы

Меншік иесі: «Alakol Press» ЖШС

Бас редактор — Алмат Асхатұлы

Газет аптасына бір рет сенбі күні шығады.

Таралымы 4607

  • Басты бет
  • Газет туралы
  • Редакция
  • Бас редактор
  • Баспасөз
  • PDF-нұсқа
  • Байланыс
  • Басты жаңалықтар
  • Сайлау-2025
  • Дін және қоғам
  • Жұмысшы мамандық жылы
  • Білім
  • Жемқорлық
  • Саясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Тұлғатану
  • Ұлттық жаңғыру
  • Аграрлық сектор
  • Мәдениет
  • Спорт және туризм
  • Финграмота
  • Өзге жаңалықтар
  • Инфографика
Біз әлеуметтік желіде

© 2025 "Алакөл айнасы"

Барлық құқықтар сақталған. Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті.

Сайт құру

Kassymov