АЭС салу маңызды шешім


Қазақстанда атом электр станциясын (АЭС) салу мәселесі белсенді түрде талқылануда. Өкінішке орай, пікірталас көбінесе атом энергетикасы туралы әртүрлі үрейлер мен мифтерге толы эмоционалды көзқарасқа алмасуда.
Атом энергетикасы – болашақтың энергиясы. Бұл қадам біздің энергетикалық қауіпсіздігімізді күшейтіп қана қоймай, жаңа технологиялар мен ғылымды дамытуға мүмкіндік береді. АЭС сала отырып, біз болашаққа сеніммен қарап, республикамыздың тұрақтылығы мен халқының әл-ауқатын қамтамасыз ете аламыз.
Қазір электр қуатын күннен, желден, судан алып келеміз. Бірақ, бұл жүйе – тікелей табиғатқа тәуелді. Жел соқпай, күн күркіреп, су көздері азайса жарықсыз қалатынымыз айдан анық. Күнделікті күннің көзі соған қажетті энергияны беріп тұра алады деп ешкім кепілдік бере алмайды. Ал атом электр станциясы бұл мәселе шешілері анық.
Көзі ашық, көкірегі ояу халқы бар дамыған мемлекет үшін АЭС — тұрақты энергия көзінің негізіне айналдыратыны айқын. Ұзақ мерзімді перспективада АЭС электр энергиясының бағасын тұрақтандырып, энергетика саласындағы қиындықтарды еңсеруге үлкен мүмкіндік береді.
Қорыта келе айтқанда, Бәріміз мықты да тәуелсіз Қазақстанда, экономикасы дамыған, болашағы жарқын елде өмір сүріп, еңбек етіп, ұрпақ өсіргіміз  келеді. Атом энергетикасы – еліміздің энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, экологиялық мәселелерді шешуге мүмкіндік беретін, келешекке бағдарланған қадам. Сондықтан, 6 қазан күні атом электр стансасын салуға дауыс бере отырып, біз, ең алдымен, келешек ұрпағымыздың жарқын болашағының негізін қалаймыз.

Күлдария Бектемисова

Мәліметпен бөлісу: