АЭС салу — ел үшін маңызды шешім

Атом электр станциялары өнеркәсіпке, ауыл шаруашылығына және азаматтардың тұрмыстық қажеттіліктеріне қажетті электр энергиясының үлкен көлемін өндіре алады. Бұл ауаны ластамайтын немесе қоршаған ортаға зиян келтірмейтін таза энергия. Сонымен қатар, атом станциялары біздің елде өндірілетін уранда жұмыс істейді, бұл импортқа тәуелділікті азайтады және энергетикалық тәуелсіздігімізді нығайтады. Атом электр станцияларының құрылысы мыңдаған жаңа жұмыс орындарын ашады және ғылыми және технологиялық прогреске түрткі болады. Атом энергетикасы – еліміздің энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, экологиялық мәселелерді шешуге мүмкіндік беретін, келешекке бағдарланған қадам. Сондықтан, 6 қазан күні атом электр стансасын салуға дауыс бере отырып, біз, ең алдымен, келешек ұрпағымыздың жарқын болашағының негізін қалаймыз.

Жұлдыз Төлеуғалиева

Мәліметпен бөлісу: