Атом энергетикасы өнеркәсіп пен ел экономикасының дамуына елеулі ықпал етеді. Қазақстанда уран өнімдерін өндіру саласында барлық қажет мүмкіндік бар. Елімізге тұрақты базалық генерация және таза энергияның көзі керек. Бұл ретте АЭС салынса, ол тұтынушыларды қымбат емес әрі экологиялық электр энегиясымен қамтитын болады. Қазақстанда АЭС салу энергетикалық тәуелсіздік пен орнықты даму жолындағы маңызды қадамның бірі. Заманауи технологиялар мен халықаралық тәжірибе елге қауіпсіз және тиімді атом энергетикасын құруға көмектеседі.
Туркия, Беларуссия, Біріккен Араб Әмірліктері, көрші Өзбекстан, Қытай елдері де атом энергетикасын дамытуда.
Қазақстанда атом электр станцияларын салу стратегиялық маңызды міндет. Уранның бай қорымен халықаралық тәжірибені ескере отырып, елде бұл жобаны сәтті жүзеге асыруға барлық мүмкіндік бар.
АЭС төңірегінде көптеп айтылатын мәселелердің бірі – оның қауіпсіздігі. Чернобыль және Фукусима апаттары атом электр станциясының қауіптілігі туралы ойларды күшейткенімен, қазіргі заманғы технологиялар мен халықаралық қауіпсіздік стандарттары бұл тәуекелдерді барынша азайтуға мүмкіндік береді. Дамыған экономикасы бар алдыңғы қатарлы елдермен тең болуымыз үшін Қазақстанға АЭС салу қажет.
Айгуль Бодауова