Жетісуға ҚР ҰҚК Шекара қызметі Ансамблінің концерті келді

Шекараға жақын орналасқан аудан жастарын отансүйгіштікке тәрбиелеу мен әскери қызметтің имиджін арттыру мақсатында ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті Алакөл ауданы бойынша шекара басқармасына ҚР ҰҚК Шекара қызметі Ансамблінің өнер ұжымы концерттік бағдарламамен келді.


Ән мен күй, бимен көмкерілген шараны Үшарал қаласында орналасқан шекара сақшылары мен Алакөл ауданы бойынша шекара басқармасы Техникалық және кәсіби даярлық бөлімінің “Күз-2024” сарбаздары тамашалады.


Мәдениет үйіне жиналған көрермендер халықаралық байқаулардың жеңімпаздары атанған талантты әскери қызметшілердің өнерлерін жоғары бағалады.
Шығармашылық ұжым ендігі кезекте еліміздің өзге де шекаралық аумақтардың тұрғындарына концерттік бағдарламаларын қоятын болады.

ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті

Мәліметпен бөлісу: