Басты бет
    • Газет туралы
    • Редакция
    • Бас редактор
    • Баспасөз
    • PDF-нұсқа
    • Байланыс
      • Басты жаңалықтар
      • Сайлау-2025
      • Дін және қоғам
      • Жұмысшы мамандық жылы
      • Білім
      • Жемқорлық
      • Саясат
      • Қоғам
      • Денсаулық
      • Тұлғатану
      • Ұлттық жаңғыру
      • Аграрлық сектор
      • Мәдениет
      • Спорт және туризм
      • Финграмота
      • Өзге жаңалықтар
      • Инфографика
  • alakred@mail.ru
Logo

- Press

Алакөл Аудандық қоғамдық — саяси газеті / Районная общественно — политическая газета

1935 жылғы қазан айынан шығады

  • Бүгін : 24. 07. 2025 жыл |
  • :
  • :
Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Сайлау-2025
    • Дін және қоғам
    • Жұмысшы мамандық жылы
    • Білім
    • Жемқорлық
    • Саясат
    • Қоғам
    • Денсаулық
    • Тұлғатану
    • Ұлттық жаңғыру
    • Аграрлық сектор
    • Мәдениет
    • Спорт және туризм
    • Финграмота
    • Өзге жаңалықтар
    • Инфографика
  • Газет туралы
  • Редакция
  • Бас редактор
  • Баспасөз
  • PDF-нұсқа
  • Байланыс

Жетісудың жиырма жылдай орталықтандырылған суы болмаған елді мекеніне ауыз су жүйесі тартылды

Жетісу облысының Көктал ауылындағы жаңа көшелерге ауыз су құбыры тартылып жатыр. Құрылыс жұмыстары қараша айында толық аяқталады. Бұл мәселені көкталдық жаңа шағын аудан тұрғындары жиырма жылға жуық уақыттан бері көтеріп келе жатқан. Облыс әкімі Бейбіт Исабаевтың тапсырмасына сәйкес бұл мәселе биыл шешімін тапты, — деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Панфилов ауданының Көктал ауылында 10 мыңнан астам адам тұрады. Осы ауылдың шетінен берілген жер учаскелеріне 2006 жылдан бастап үйлер салынып, жаңа шағын ауданға тұрғындар қоныстана бастаған болатын.

— Жалпы Көкталдың өзінде инженерлік жүйелер бар болғанымен, жаңа көшелерге электр және су жүйелері жүргізілмеген еді. Ауыл тұрғындарының сұрауына орай өткен жылы электр желісі тартылды, ал биыл ауыз су жүйесі жасалуда, — дейді Көктал ауылдық округінің әкімі Батырбай Қадырбаев.  

Атап айтқанда, ауылдағы жаңа шағын аудан үшін 320 метрден 2 скважина қазылып, 2 резервуар қойылды, 2-ші көтеру станциясы орнатылды. Жалпы
7 көшеге 30 км су құбыры тартылуда. Ауыз су жүйесін салу биылғы жылдың сәуір айында басталған, қараша айында аяқтау жоспарланып отыр, қазір құрылыс жұмыстары 90% бітті. Бүгінгі күні мұнда мердігер ұйымның 30 адамы, 12 арнайы техникасы жұмыс істеуде. Жаңа көшелерде 540 абонент болады деп есептелген.

Тұрғындар ауыз суға қол жеткізетіндеріне қуанып отыр.

— Бұл шағын ауданда біраз жылдан бері тұрамыз. Бұған дейін суды құдықтан тасып ішетінбіз. Күнделікті тіршілікке қажетті суды тасып әкелудің өз машақаты бар. Енді үйіміздің жанынан құбыр төсеп, су жүргізіп жатыр, кешіктірмей үйге қостырамыз деп отырмыз, — дейді Көктал ауылының тұрғыны Майгүл Жұбанова.

Жалпы Панфилов ауданында ауыз судың сапасын жақсарту мақсатында биыл республикалық бюджеттен 3,8 млрд. теңге бөлініп, Еңбекші, Көктал, Надек, Қырыққұдық, Шолақай ауылдарында су құбыры желілерін жаңғырту жұмыстары жүргізілуде. Панфилов және өзге де аудандарда жүргізілетін осындай жұмыстардың нәтижесінде орталықтандырылған ауыз сумен қамту көрсеткіші облыста 2025 жылға қарай 92,4% жетеді деп жоспарланған.

Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Фототілші: Жеңіс Ысқабай

Мәліметпен бөлісу:

  • WhatsApp
  • Twitter
  • ВКонтакте
  • WhatsApp
  • Одноклассники
  • РњРѕР№ РњРёСЂ

Редакцияның мекен-жайы:

Жетісу облысы Алакөл ауданы, Үшарал қаласы,

Жеңіс көшесі № 129.

Редакция телефондары:
3-52-63,    3-52-68,

3-51-74

E-mail:
alakred@mail.ru

Құрылтайшы: Директор —  Алмат Асхатұлы

Меншік иесі: «Alakol Press» ЖШС

Бас редактор — Алмат Асхатұлы

Газет аптасына бір рет сенбі күні шығады.

Таралымы 4607

  • Басты бет
  • Газет туралы
  • Редакция
  • Бас редактор
  • Баспасөз
  • PDF-нұсқа
  • Байланыс
  • Басты жаңалықтар
  • Сайлау-2025
  • Дін және қоғам
  • Жұмысшы мамандық жылы
  • Білім
  • Жемқорлық
  • Саясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Тұлғатану
  • Ұлттық жаңғыру
  • Аграрлық сектор
  • Мәдениет
  • Спорт және туризм
  • Финграмота
  • Өзге жаңалықтар
  • Инфографика
Біз әлеуметтік желіде

© 2025 "Алакөл айнасы"

Барлық құқықтар сақталған. Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті.

Сайт құру

Kassymov