Басты бет
    • Газет туралы
    • Редакция
    • Бас редактор
    • Баспасөз
    • PDF-нұсқа
    • Байланыс
      • Басты жаңалықтар
      • Сайлау-2025
      • Дін және қоғам
      • Жұмысшы мамандық жылы
      • Білім
      • Жемқорлық
      • Саясат
      • Қоғам
      • Денсаулық
      • Тұлғатану
      • Ұлттық жаңғыру
      • Аграрлық сектор
      • Мәдениет
      • Спорт және туризм
      • Финграмота
      • Өзге жаңалықтар
      • Инфографика
  • alakred@mail.ru
Logo

- Press

Алакөл Аудандық қоғамдық — саяси газеті / Районная общественно — политическая газета

1935 жылғы қазан айынан шығады

  • Бүгін : 07. 06. 2025 жыл |
  • :
  • :
Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Сайлау-2025
    • Дін және қоғам
    • Жұмысшы мамандық жылы
    • Білім
    • Жемқорлық
    • Саясат
    • Қоғам
    • Денсаулық
    • Тұлғатану
    • Ұлттық жаңғыру
    • Аграрлық сектор
    • Мәдениет
    • Спорт және туризм
    • Финграмота
    • Өзге жаңалықтар
    • Инфографика
  • Газет туралы
  • Редакция
  • Бас редактор
  • Баспасөз
  • PDF-нұсқа
  • Байланыс

Жетісу облысында қант қызылшасын жинау науқаны қарқынды жүргізілуде

Жетісу облысында қант қызылшасын жинау науқаны қарқынды жүргізілуде, жедел штаб күнделікті өңірде қабылданып жатқан қант қызылшасы көлемін назарда ұстап отыр. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз брифингінде облыстық Ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Бахтияр Шампиков мәлімдеді. Қазіргі уақытта 13,7 мың гектар қант қызылшасы алқабының 10,9 мың гектары жиналып, одан 526 мың тонна өнім алынды. Гектар өнімділігі 484,5 центнерден айналды, бұл өткен жылғы көрсеткіштерден жоғары және өңірдегі аграрлық сектордың тиімді жұмыс істеп жатқанын көрсетеді.
Жиналған өнімді өңдеу үшін облыстың екі негізгі қант зауытына – Көксу және Ақсу зауыттарына жеткізілуде. Бүгінгі күнге дейін зауыттарға 421,3 мың тонна өнім жеткізілді, оның ішінде: Көксу қант зауыты – 200,6 мың тонна, Ақсу қант зауыты – 220,7 мың тонна қабылдады.
Өнімді қабылдау және өңдеуге байланысты логистиканы үздіксіз ұйымдастыру және жедел шешімдер қабылдау мақсатында өңірде облыстық жедел штаб жұмыс істеуде. Орта есеппен зауыттар күніне 5-6 мың тонна өнім қабылдайды. Жүктерді бөлу және барлық қызметтердің үйлесімді жұмысы арқасында қант қызылшасын қабылдау мен өңдеу бекітілген кестеге сәйкес жүргізілуде.
Жинау науқаны барысында жергілікті ауылшаруашылық өндірушілеріне ерекше назар аударылды. Ескелді, Қаратал, Кербұлақ, Көксу аудандарында және Талдықорған қаласында орналасқан 66 шаруашылық жалпы көлемі 33,2 мың тонна өнім өткізіп, жалпы өнім көлеміне елеулі үлес қосуда.
Науқан соңына дейін қалған 2,8 мың гектар егістік алқаптан 118 мың тонна өнім алу жоспарда.

Мәліметпен бөлісу:

Редакцияның мекен-жайы:

Жетісу облысы Алакөл ауданы, Үшарал қаласы,

Жеңіс көшесі № 129.

Редакция телефондары:
3-52-63,    3-52-68,

3-51-74

E-mail:
alakred@mail.ru

Құрылтайшы: Директор —  Алмат Асхатұлы

Меншік иесі: «Alakol Press» ЖШС

Бас редактор — Алмат Асхатұлы

Газет аптасына бір рет сенбі күні шығады.

Таралымы 4607

  • Басты бет
  • Газет туралы
  • Редакция
  • Бас редактор
  • Баспасөз
  • PDF-нұсқа
  • Байланыс
  • Басты жаңалықтар
  • Сайлау-2025
  • Дін және қоғам
  • Жұмысшы мамандық жылы
  • Білім
  • Жемқорлық
  • Саясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Тұлғатану
  • Ұлттық жаңғыру
  • Аграрлық сектор
  • Мәдениет
  • Спорт және туризм
  • Финграмота
  • Өзге жаңалықтар
  • Инфографика
Біз әлеуметтік желіде

© 2025 "Алакөл айнасы"

Барлық құқықтар сақталған. Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті.

Сайт құру

Kassymov