Өмірбаян
Байбатжанов Асулан Жармуханбетович 1982 жылдың 25 қазанында Алматы облысы Алакөл ауданы Екпінді ауылында дүниеге келді.
1999 жылы Екпінді ауылындағы орта мектепті бітірді.
2007-2010 жылдары Абай атындағы Қазақ Мемлекеттік Университетінің «құқықтану» мамандығын тәмамдады.
23.05.2011 жылы Казмикрофинанс КМФ ұйымында кредит-сарапшысы, 2014 жылы жетекші кредит-эксперті, 2021-2023 жылы бөлімше топменеджері қызметтерінде болды.
05.10.2024 жылдан бастап Үйгентас орман шаруашылығы коммуналдық мемлекеттік мекемесінің экономисті.
Сайлауалды бағдарламасы
«Жаңа Қазақстанды» құру жолында елім деген әр азамат аянып қалмауы игі. Осы жолда аудандық мәслихат депутаттығына үміткер бола отырып, сайлаушылардың сенімі мен дауысына ие болсам, алдағы уақытта төмендегідей жұмыстарды атқаруға барынша ықпал етемін.
- Экономикалық тұрғыдан өрлеуіміз үшін ең алдымен қалың бұқараның қамына қарай бағытталған жобалар мен мемлекеттік бағдарламалардың тиімді әрі ұтымды жүзеге асуына ықпал етпекпін;
- Мемлекеттің тіреуші саласы саналар шағын және орта кәсіпкерліктің тынысын кеңейтіп, жұмысын жандандыруға, осы бағытта қызмет етіп жүргендер үшін қарастырылған түрлі мүмкіндіктердің толықтай қолданыс табуына атсалысамын;
- Барлығымызды да тамырын дарып, тағдырымыз бастау алған ауыл-абанның көркеюіне, осында тірлік кешкен ағайынның жағдайының жақсаруына және жаңа жұмыс орындарының ашылуына үлес қосамын;
- Басты байлық-халық денсаулығы осы тұрғыда қала тұрғындарына сапалы медициналық көмек көрсетуді басты назарда ұстау, олардың денсаулығын нығайтуға байланысты дәрігерлік қызметті күшейтемін;
- Адамның басты капиталы – білім. Осы тұрғыда қаладағы білім беру ұйымдарымен үнемі байланыста болып, оқушылардың сапалы білім алуына жағдай жасаймын;
- Аз қамтылған, көп балалы отбасыларды, мүмкіндігі шектеулі жандарды назардан тыс қалдырмай, қамқорлық жасаймын;
- Қалада санитарлық тазалығын үнемі бақылауда ұстап, көгалдандыру мен абаттандыруға жұмыс жасаймын;
- Болашақ жас ұрпақтың еншісінде. Демек, қала жастарының спортпен шұғылданып, түрлі жарыстарға қатысуларына жағдай жасаймын;
- Көпбалалы, жалғызбасты аналарға мемлекет қамқорлығын тұрақты түрде көрсету, атаулы әлеуметтік көмектің уақытылы алуын қадағалау және Заң тұрғысында тұрақты кеңес беру;
- Жергілікті атқарушы билікпен келісе отырып ауыл маңындағы жер телімдерінің және жайылым жерлердің кеңейуіне ықпал ету;
- 2025-2027 жылға қарай жұмыссыздар санын азайтып, аудан кәсіпкерлерімен жұмыс көздерін ашып ықпалдасу;
Осы аталған жұмыстар мен өзге де ілкімді істерді жоспарлап, қалың қоғамның мүддесіне бағыттау менің басты мақсатым болып отыр.
(Аудандық сайлау қоры тарапынан төленді)