Басты бет
    • Газет туралы
    • Редакция
    • Бас редактор
    • Баспасөз
    • PDF-нұсқа
    • Байланыс
      • Басты жаңалықтар
      • Сайлау-2025
      • Дін және қоғам
      • Жұмысшы мамандық жылы
      • Білім
      • Жемқорлық
      • Саясат
      • Қоғам
      • Денсаулық
      • Тұлғатану
      • Ұлттық жаңғыру
      • Аграрлық сектор
      • Мәдениет
      • Спорт және туризм
      • Финграмота
      • Өзге жаңалықтар
      • Инфографика
  • alakred@mail.ru
Logo

- Press

Алакөл Аудандық қоғамдық — саяси газеті / Районная общественно — политическая газета

1935 жылғы қазан айынан шығады

  • Бүгін : 10. 06. 2025 жыл |
  • :
  • :
Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Сайлау-2025
    • Дін және қоғам
    • Жұмысшы мамандық жылы
    • Білім
    • Жемқорлық
    • Саясат
    • Қоғам
    • Денсаулық
    • Тұлғатану
    • Ұлттық жаңғыру
    • Аграрлық сектор
    • Мәдениет
    • Спорт және туризм
    • Финграмота
    • Өзге жаңалықтар
    • Инфографика
  • Газет туралы
  • Редакция
  • Бас редактор
  • Баспасөз
  • PDF-нұсқа
  • Байланыс

Қаратал ауданы Ескелді би ауылында бір күнде екі әлеуметтік нысан іске қосылды

Жетісу облысының Қаратал ауданында 150 орынды блок-модульдік мәдениет үйі мен дене шынықтыру-сауықтыру кешені іске қосылды. Жаңа нысандар Ескелді би ауылында есігін айқара ашты. Аталған ауылда 3200 адам тұрады. Елді мекенде 30 жылдан астам уақыт бойы мұндай нысандар болмаған, — деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Бір-біріне жақын орналасқан жаңа мәдениет үйі мен ДСО заманауи талаптарға сай, оларда мәдени, спорттық іс-шараларды ұйымдастыруға және бос уақытты тиімді өткізуге қажетті жағдайлар жасалған. Қос нысанның құрылысы осы жылдың мамыр айының соңында басталған болатын.

— Мен осы ауылда туып-өстім. Ауылымыздағы қазіргі оң өзгерістерді көргенде қуанамыз. Бұрын балалар 7 шақырым жердегі Үштөбеге барып жаттығуға мәжбүр болатын, бұдан былай ешқайда бармай-ақ осы ауылда жаттығады.  Сол сияқты жаңа мәдениет үйіміз де бар. Бізде 90-шы жылдардан бері мәдениет үйі де, спорт кешені де болған жоқ. Енді спортпен де, шығармашылықпен де айналысуға болатын әдемі, заманауи ғимараттарымыз бар, — деді жергілікті тұрғын Елизавета Шин.

Атап өтсек, жалпы ауданы 800 шаршы метр болатын екі қабатты дене шынықтыру-сауықтыру кешені ғимаратында ойын залдары, бокс пен күрес және тренажерға арналған зал бар. Онда күрес, волейбол, баскетбол, шахмат және тоғызқұмалақ секциялары жұмыс істейді.

Ал жаңа мәдениет үйі 150 орынға лайықталған. Онда акт залы, оқу залы бар кітапхана орналасқан. Вокал, домбыра, қобыз, би үйірмелерін ашу жоспарланған.

— Ауылды дамыту үшін қажетті нысандардың салынғанына қуаныштымыз. Бұл, ең алдымен, жастарға, сосын бізге, яғни аға буынға да қажет. Осындай игі жаңалықтар көп болсын, — деді қуанышын бөліскен ауыл ақсақалы Төлеухан Сүттібаев.

Екі жаңа нысанның іске қосылуының арқасында ауылда 30 тұрақты жұмыс орны ашылды.

Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Фотограф: Александр Булавин

Фотограф: Александр Булавин

Мәліметпен бөлісу:

Редакцияның мекен-жайы:

Жетісу облысы Алакөл ауданы, Үшарал қаласы,

Жеңіс көшесі № 129.

Редакция телефондары:
3-52-63,    3-52-68,

3-51-74

E-mail:
alakred@mail.ru

Құрылтайшы: Директор —  Алмат Асхатұлы

Меншік иесі: «Alakol Press» ЖШС

Бас редактор — Алмат Асхатұлы

Газет аптасына бір рет сенбі күні шығады.

Таралымы 4607

  • Басты бет
  • Газет туралы
  • Редакция
  • Бас редактор
  • Баспасөз
  • PDF-нұсқа
  • Байланыс
  • Басты жаңалықтар
  • Сайлау-2025
  • Дін және қоғам
  • Жұмысшы мамандық жылы
  • Білім
  • Жемқорлық
  • Саясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Тұлғатану
  • Ұлттық жаңғыру
  • Аграрлық сектор
  • Мәдениет
  • Спорт және туризм
  • Финграмота
  • Өзге жаңалықтар
  • Инфографика
Біз әлеуметтік желіде

© 2025 "Алакөл айнасы"

Барлық құқықтар сақталған. Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті.

Сайт құру

Kassymov