Қоғамдық тәртіпті сақтау — баршаға ортақ міндет


Мемлекет басшысы Қ.К Тоқаев “Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм” атты Қазақстан халқына Жолдауында “Қоғамда заң мен тәртіп идеологиясын терең орнықтыру қажет.”-, деп атап өткен болатын. Әділетті Қазақстан құру жолындағы Мемлекет басшысының бұл бастамасы көңіл қуантады.
Барлық азаматтардың заң алдындағы теңдігінің конституциялық қағидаты сақталмаған жерде әділетті мемлекет құру мүмкін емес. Заңды сақтау – әділеттіліктің негізі. Сонымен бірге әділетті қоғамда заң – теңдік пен тәртіптің кепілі.
Қазіргі таңда, елімізде зардабын тигізіп жатқан құқық бұзушылық дерті белең алуда. Қоғамда қаншама адам өмір сүреді. Заң бұзушылықтың өзектігілі күмәнсіз. Күннен күнге тәртіп бұзушылық артып келе жатқаны да жасырын емес.
Әсіресе, заманауи технологиялар пайда болып, ғаламтор желілері дамыған сайын түрлі интернет алаяқтарының да саны артып келеді. Қаншама азаматтар ғаламтор арқылы заңсыз ақша тауып жатқаны да айдан анық. Еліміздің түкпір-түкпірінде интернет-алаяқтықпен айналысқан көптеген топтар ұсталып жатыр.
Осы кеселдерді алдын-алу аясында ауданымызда құқық қорғау органдарымен бірлесе отырып, ауқымды іс-шаралар жүзеге асуда. Атап айтсақ, жастар, қоғам белсенділері, мектеп оқушылары арасында “Құқық бұзушылық — қоғам дерті”, “Құқық бұзушылықтан сақтан!”, “Алаяқтан сақтан!”, “Құқық бұзушылықты алдын-алу” атты кездесулер ұйымдастырылуда.
Бұл игі шаралар еліміздегі құқық бұзушылықтың атын жоюға кішкентай да болсын өз септігін тигізері һақ.

Күлдария Бектемисова
“Алакөл Экосистемасы” қоғамдық бірлестігінің жетекшісі.

Мәліметпен бөлісу: