Алакөл ауданының Достық ауылдық округінің әкімі, бұқаралық-спорттық іс-шараларды өткізу орталығының нұсқаушысы Аасхат Кыдырбеков, Достық ауылдық округінің волейбол федерациясының празиденті Сакаев Төлепберді, жарыстың бас төрешісі Амиралинов Шалхар және Достық ауылдық округінің волейбол ойынының жанашыры Уазбеков Ұлан салттанатты ашылу рәсіміне қатысты. Жарыстың ашылу рәсімі өткен соң бас төреші ойын ережесін түсіндіріп және қауіпсіздік талаптарын сақтау жөнінде нұсқаулықтар берді. Төреші қатысушыларды жребий арқылы бөліп, жарысты бастауға пәрмен берді. Аталған іс-шараға ауылдық округтен 4 команда 32 спортшы қатысты. Жарыс қызықты әрі жоғары деңгейде өтті.
Ойын жеңімпаздары округ әкімінің арнайы дайындаған мақтау қағаздарымен, кубог және медальмен марапатталды.
Қатысушылар саны: 32 спортшы.