Жетісу облысының экономикасына 396 млрд теңге инвестиция тартылды

Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев ОКҚ алаңында өңірдің 11 айдағы әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы баяндады. Оның мәліметінше, қысқа мерзімді экономикалық индикатор 112,3% құрады. Салалардың ішінде, ауыл шаруашылығындағы өсім 3,7%, өнеркәсіпте – 3,6%, тұрғын үй – 4,4%-ды құрады, құрылыс жұмыстары – 1,4 есеге, сауда көлемі 1,3 есеге ұлғайды.
 

«Жыл басынан бері облыс экономикасына 38% өсіммен 396 млрд теңге инвестиция тартылды, оның ішінде жеке инвестициялар көлемі – 291 млрд теңге. Жалпы мемлекеттік бюджетке 286 млрд теңге салық түсті, оның ішінде жергілікті бюджет 1,6 есе өсіп, 106 млрд теңгеге жетті», — деді спикер.

Мәліметпен бөлісу: