Алматы облысында мемлекеттік қызметшілерге сыйақы берудің жаңа жүйесі енгізілді

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті басшысы Нұрғисаев Серікбай хабарлады. Сонымен қатар, Елбасының «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Жолдауының басым бағыттарын жүзеге асыру туралы да айтты.

Жолдаудың сегізінші тармағында, яғни тиімді мемлекеттік басқару мәселесінде мемлекеттік қызметшілердің факторлық-балдық шкалаға негізделген жаңа еңбекақы жүйесін енгізу көзделіп отыр. Бұл орталықтағы және өңірлердегі мемлекеттік қызметшілер жалақысының диспропорциясын қысқартып, жұмыстың сипаты мен тиімділігі ескерілген болатын.
Сондай-ақ, баспасөз-мәслихатында Жолдауда аталып өткен «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында Департамент, Білім басқармасы және Халыққа қызмет көрсету орталығы арасында үш жақты меморандумға қол қойылғаны айтылды. Оның мақсаты информатика пәні мұғалімдерін «Egov.kz» порталында жұмыс істеуге үйрету және одан әрі оқушыларды оқыту.

«Біздің негізгі қызмет бағытымыздың бірі – сыбайлас жемқорлықпен күресті, оның алдын алу мен болдырмау шараларын ары қарай жетілдіру, дамытуға Елбасының халыққа Жолдауының тоғызыншы тармағы негіз болмақ. Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және болдырмау мақсатында Департаментпен келесі негізгі екі бағытта жұмыстар жүргізілуде. Олар, сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі және сыртқы талдау, мониторинг жасау және қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыру шараларын өткізу», — дейді С.Нұрғисаев.

Осы орайда, «Парасыз болашаққа. Бірге!» республикалық акциясы ұйымдастырылып отыр. Оның аясында облыстағы 22 сыбайлас жемқорлыққа қарсы мобильді топ 404 еңбек ұжымында ақпараттық-түсіндіру шараларын жүргізіп, жалпы саны 72 000 астам адамды қамтып, 189 азаматтарды қабылдауды жүзеге асырды.
Сонымен қатар, облыс аймағында «Адал Ұрпақ» ерікті мектеп клубының саны 673-ке жетіп, олардың қатарына 173 869 оқушы мүше болды.
«Биылғы Жолдаудың тоғызыншы басымдығын жүзеге асыруға да бар күш-жігерімізді қосып еңбек етіп, нәтижелі істерге жетуге тырысамыз», — деп қорытындылады С.Нұрғисаев.

Мәліметпен бөлісу: