
Мемлекет басшысының ауыл тұрғындарына көрсетілетін медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін арттыру жөніндегі тапсырмасын орындау аясында «Алакөл аудандық орталық ауруханасы» тиісті іс-шараларды атқаруда.
Ауданда медициналық көмек алуға тіркелген халық саны- 64 634 адам.
2024 жылы осы 64 634 адам 408 870 рет медициналық көмекке жүгінген болатын. Оларға келесідей медициналық көмек көрсетілді: флюорографиялық зерттеулер саны – 30 150, рентгенологиялық зерттеулер – 20 104, компьютерлік томография – 3 240, ультра дыбыстық зерттеу – 14 671, ФГДС – 512, зертханалық зерттеулер – 1 019 422, функционалдық диагностика – 20 507 , холтер, СМАД стационарларда – 1 333 операция жүргізілді және 480 босану қабылданды.
Ауыл халқының жағдайын жақсарту, сапалы медицинамен қамтамасыз ету мақсатында 2024 жылы Арқарлы, Қоңыр, Бибақан ауылдарында медициналық нысандар халық игілігіне пайдалануға берілсе, биылғы жылы «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында ауданда 9 денсаулық сақтау нысаны салынуда.
Оның ішінде, Бескөл, Екпінді, Жайпақ ауылдарында 3 дәрігерлік амбулатория, Қайнар, Жаңама, Сапақ, Үшбұлақ, Қызылқайың, Ақжар ауылдарында 6 фельдшерлік-акушерлік пункттің құрылыс жұмыстары басталды.
Жергілікті бюджет қаражаты есебінен Жыланды және Көлбай ауылдарында да 2 дәрігерлік амбулатория құрылысы жүргізілуде.
2024 жылы облыстық бюджет есебінен Алакөл ауданындағы Достық, Ақтүбек,Қабанбай ауылдарына 3 санитарлық көлік сатып алынды.
Сондай-ақ, 2024 жылы 298 млн. 259 656 теңгеге 6 бірлік медициналық техника сатып алынды. Атап айтсақ, операциялық лампа — 1, жаңа туған нәрестелерге арналған желдеткіш — 1, аз инвазивті эндоскопиялық араласуға арналған жүйе — 1, жылжымалы рентген аппараты — 1, төмен температуралы плазмалық стерилизатор — 1, эксперттік сыныптағы ультра дыбыстық медициналық диагностикалық жүйе-1.
Атқарылған жұмыстардың нәтижесінде медициналық техникамен және медициналық мақсаттағы бұйымдармен жабдықталған ұйымдардың үлесі 93,7 пайызды құрайды.
Аудан әкімінің орынбасары М.Төлеужанов