
Облыс орталығында халық көп жиналатын орындарда «қоғамдық қабылдау» ұйымдастырылып прокуратура, полиция, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет, Экономикалық тергеу департаменті қызметкерлері азаматтарды қабылдады.
Өңірдегі ауылдық елді мекендерге тәжірибелі қызметкерлерден құрылған мобильді топтар — «Дөңгелектегі қабылдау» шықты.
Бұл тәсіл өзінің тиімділігін көрсетеді және халықты барынша қамтуға мүмкіндік береді.
Бір күннің ішінде облыстың 600 астам азаматына кеңестер мен құқықтық көмек көрсетіліп, 1000 астам ақпараттықпарақшалар таратылды.
#ЗаңменТәртіп
Жетісу облысы прокуратурасының сайтына сілтеме: https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-zhetysu/press/news/details/1022854?lang=kk
