Қазақстан – көпұлтты мемлекет.

Жетісу облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының қызметкері, белсендісі ретінде достық ұғымына тек жеке тұлғалар арасындағы қарым-қатынас тұрғысынан емес, сонымен қатар этносаралық татулық пен қоғамдық келісім тұрғысынан қараймын.

Қазақстан – көпұлтты мемлекет. Елдегі ұлттар мен ұлыстар арасындағы бейбіт өмірдің, өзара түсіністіктің және сенімнің негізінде – достық жатыр. Достық тек екі адамның ара қатынасы емес, ол – халықтарды біріктіретін, қоғамды тұтастыратын, тұрақтылықты қамтамасыз ететін үлкен әлеуметтік және рухани күш.
Жастар арасында жүргізілген әлеуметтік зерттеулер көрсеткендей, достықтың ұлттық, діни, тілдік шекарасы жоқ. Егер адам жүрегінде ізгілік пен құрмет болса, ол кез келген адаммен достық орната алады. Бұл – Қазақстанның басты құндылықтарының бірі.
Сондықтан да, достықты насихаттау – бұл болашақ ұрпаққа бейбіт өмір мен тұрақты қоғамды мұра етіп қалдыру жолындағы маңызды қадам. Біз үшін достық – жай құндылық емес, ел бірлігінің символы.

#МирИСогласие #ЗаМир #МыВместе #PeaceAndHarmony #PeaceForAll #TogetherForPeace #ҚХА30жыл #АНК30лет #APK30years #АНК #ANK

Мәліметпен бөлісу: