“Ардагерлерді ардақтайық”: “AMANAT” партиясы Алакөл аудандық филиалы ақжаулықты қариямызға деген құрметі!


Бүгін “AMANAT” партиясының Алакөл аудандық филиалындағы белсенді жұмыстың тағы бір жарқын үлгісін көрдік. Партия филиалының төрағасы Қ.Көкебаев, “Ардагерлерді ардақтайық” партиялық жобасы аясында, Үшарал қаласының тыл еңбеккері Дүйсебаева Кәтшім апамызды арнайы құттықтап қайтты.
Бұл кездесу – еліміздің ертеңі үшін ерен еңбек еткен, тылдағы ауыр сындарды бастан өткерген қариямызға зор құрмет пен ілтипаттың белгісі. Дүйсебаева Кәтшім апамыздың жылдар бойы сіңірген еңбегі, еліміздің дамуына қосқан үлесі – әрбір қазақстандық үшін үлгі-өнеге.
Қ.Көкебаев апамызға денсаулық, отбасына амандық тілеп, оның тыл майданындағы ерен ерлігі мен еңбек жолына деген алғысын білдірді. Мұндай кездесулер – жас ұрпаққа батырлық пен еңбекқорлықтың маңызын насихаттаудың, ардагерлеріміздің даналығы мен тәжірибесін бағалаудың маңызды құралы.
“AMANAT” партиясы әрдайым ардагерлерді қолдап, олардың құрметіне лайықты жағдай жасауды өзінің басты міндеттерінің бірі санайды. “Ардагерлерді ардақтайық” жобасы – бұл сөзіміздің айқын дәлелі.
Сондай-ақ, Қ.Көкебаев бүгінгі мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Қазақстан халқына Жолдауына қысқаша тоқталып, ақпараттандыру жұмысын жүргізді.
Құрметті ардагерлер, сіздерге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр тілейміз! Сіздер біздің мақтанышымызсыз!

Мәліметпен бөлісу: