Рухтың күші — әкеде


Әке — отбасы тірегі, қорғаны һәм жүрегі. Асқар таудай абройы аспан сүйген әкенің тал бесіктен талмай, танбай берген тәрбиесі ғұмырлық азық болары сөзсіз.
Махаббатын сөзбен емес, іспен дәлелдейтін әкенің отбасы үшін орын тым биік!


Алакөл аудандық “Жанұя” отбасын қолдау және белсенді ұзақ өмір сүру орталығының ұйытқы болуымен А.Байтұрсынұлы атындағы қазақ гимназиясында “Әкелер күніне” орай “Рухтың күші — әкеде” атты әкелер форумы ұйымдастырылды. Аталған шараға ауданның белсенді әкелері мен өзінің еңбегімен ерекшеленіп жүрген ер-азаматтар қатысты.
Шарада “Жанұя” отбасын қолдау және белсенді ұзақ өмір сүру орталығының директоры Алмат Садиев сөз сөйлеп, отбасылық құндылық, жанұядағы жарасымдылық, әкенің бала тәрбиесіндегі орны мен отбасын сақтаудағы беделі жайлы айтып өтті. Өзінің әкесінен алған өнегесімен бөлісіп, өңірдегі беделді әкелердің бала тәрбиелеудегі озық үлгілерін ортаға салды.
Сонымен қатар, аудандық қоғамдық кеңес мүшелері, мәслихат депутаттары мен белсенді әкелер сөз сөйлеп, өмірлік тәжірибелерімен бөлісті.


Алакөл аудандық “Жанұя” отбасын қолдау және белсенді ұзақ өмір сүру орталығы.

Мәліметпен бөлісу: