Түркістан тәжірибесі – өңірлік дамуға жаңа серпін

Түркістан қаласы, Оқушылар сарайында Республика көлемінде алғаш құрылған “Жанұя” отбасын қолдау орталығына орталық директоры Алмат Садиев пен құрылымдық бөлім басшысы Алмат Есенбеков арнайы жұмыс сапарымен барып, орталықтың қалыптасқан жүйесі мен тиімді тәжірибесін жан-жақты зерделеді. Сапардың басты мақсаты – заманауи әлеуметтік қызмет көрсету тәсілдерін меңгеріп, ауданымыздағы жұмысқа жаңа серпін беретін нақты әдістерді анықтау болды.

Тәжірибе алмасу барысында Түркістандағы “Жанұя” орталығының отбасымен жұмыс жүргізу моделімен, цифрлық қызмет көрсету жүйесімен, профилактикалық және кеңес беру бағытындағы тиімді тәсілдерімен терең танысты. Психологиялық қолдау көрсету формалары, балалар мен жастармен жұмыс істеудің нәтижелі әдістері, көпбалалы және әлеуметтік осал отбасыларды қолдау тетіктері жайлы толық ақпарат алды. Түркістандық әріптестер мамандармен жүздесіп, жаңа бастамалар мен озық жобалар жайлы тәжірибелерімен бөлісті.

Осы орайда, бүгін сапар барысында жинақталған құнды тәжірибені орталық қызметкерлерімен бөлісу мақсатында орталық директоры Алмат Садиев арнайы оқыту курсын өткізді. Курс барысында Түркістанда көрген тиімді әдістерді жан-жақты баяндап, әр бағыт бойынша қызметкерлерге нақты ұсыныстар берді. Қызмет алушылармен жұмысты жетілдіру, құжат айналымын оңтайландыру, жаңа форматтағы кеңес беру тәсілдерін енгізу және кері байланысты күшейту сияқты маңызды бағыттар талқыланды.

Түркістан тәжірибесінің енгізілуі “Жанұя” отбасын қолдау орталығының жұмыс сапасын арттырып, тұрғындарға көрсетілетін қызмет түрлерін жетілдіруге мол мүмкіндік береді. Жаңа идеялар мен тиімді тәсілдер ауданымыздағы әлеуметтік қолдаудың жаңа деңгейге көтерілуіне ықпал етпек.

Мәліметпен бөлісу: