Қапшағай суқоймасын кезекті балықтандыру жұмыстары бойынша

Балық шаруашылық суқоймаларында балық қорын ұтымды пайдаланудың негізгі стратегиясы, суқоймаларды бағалы балық түрлерінің шабақтарымен балықтандыру. Табиғи жағдайда балықтардың уылдырық шашу кезеңінде, балық популяцияларының өзін-өзі толықтыруы жүреді. Қарқынды балық аулау және тұрақсыз гидрологиялық режим кезінде популяциялардың бұл қабілетінің бұзылуы мүмкін, сондықтан балықтардың тұрақты санын және популяцияларын сақтау шаралары қажет. Осы мақсатта балық шаурашылығы су айдындарын балықтандыру жұмыстары жүргізіледі.
Қапшағай суқоймасы – Балқаш-Алакөл бассейніндегі ірі балық шаруашылық суқоймаларының бірі. Суқоймадағы бағалы балық түрлерінің (сазан (тұқы), дөңмаңдай, ақ амур) популяциясының қоры қалыпты деңгейде болғанына қарамастан, суқоймада бұл балық түрлеріне түсетін кәсіптік қысым өте жоғары. Сондықтан да, олардың популяциялық қорын қалыпты көлемде сақтау, өте маңызды.
Осы ретте, Балқаш-Алакөл облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы, “Балық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы” ЖШС және «Qazaq balyk» республикалық балық және акваөсіру Қауымдастығы өкілдерінен құралған комиссия мүшелерінің қатысуымен 05.10 – 15.10.2025 жж. «Қапшағай уылдырық шашу-өсіру шаруашылығы-1973» ЖШС-нің базасында Қапшағай суқоймасын балықтандыру жұмыстары жүргізілді. Мемлекеттік тапсырыс негізінде, суқоймаға 300 мың дана сазан (тұқы), 140 мың дана дөңмаңдай және “Halyk Balyk” ЖШС базасында 145 мың дана ақ амур балығы жіберілді.

“БШҒӨО” ЖШС-нің
ихтиология лабораториясының
ғылыми қызметкер м.а.

Мәліметпен бөлісу: