Басты бет
    • Газет туралы
    • Редакция
    • Бас редактор
    • Баспасөз
    • PDF-нұсқа
    • Байланыс
      • Басты жаңалықтар
      • Сайлау-2025
      • Дін және қоғам
      • Жұмысшы мамандық жылы
      • Білім
      • Жемқорлық
      • Саясат
      • Қоғам
      • Денсаулық
      • Тұлғатану
      • Ұлттық жаңғыру
      • Аграрлық сектор
      • Мәдениет
      • Спорт және туризм
      • Финграмота
      • Өзге жаңалықтар
      • Инфографика
  • alakred@mail.ru
Logo

- Press

Алакөл Аудандық қоғамдық — саяси газеті / Районная общественно — политическая газета

1935 жылғы қазан айынан шығады

  • Бүгін : 15. 05. 2025 жыл |
  • :
  • :
Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Сайлау-2025
    • Дін және қоғам
    • Жұмысшы мамандық жылы
    • Білім
    • Жемқорлық
    • Саясат
    • Қоғам
    • Денсаулық
    • Тұлғатану
    • Ұлттық жаңғыру
    • Аграрлық сектор
    • Мәдениет
    • Спорт және туризм
    • Финграмота
    • Өзге жаңалықтар
    • Инфографика
  • Газет туралы
  • Редакция
  • Бас редактор
  • Баспасөз
  • PDF-нұсқа
  • Байланыс

Назарбаев аударылған оқулықтарды биылдан бастап бағдарламаға енгізуді тапсырды

«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы аясында аударылған кітаптар биылғы оқу жылынан бастап білім бағдарламасына енгізіледі. Бұл туралы ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев алғашқы 18 кітаптың тұсаукесерінде мәлімдеді, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі. 

«100 жаңа оқулық» жобасы бойынша Үкімет Ұлттық аударма бюросына бірқатар нақты тапсырма беруі қажет. Біріншіден, 2018 жылға бекітілетін 30 кітапты сапалы аударып, басып шығару керек. Аудармашыларға жұмыс әлі толып жатыр. Оған қаржы уақытылы бөлініп, одан кейінгі жылдарда қолға алынатын оқулықтар дер кезінде іріктеліп, сарапталуы керек», — деді мемлекет басшысы. 

Екіншіден, Президент аударылған оқулықтарды білім жүйесіне тиімді енгізу ең маңызды міндет екенін атап өтті. 

«Жастар оларды бірте-бірте оқи бастауы қажет. Алдағы оқу жылынан бастап осы оқулықтармен оқытылатын пәндер білім беру бағдарламасына енгізілсін. Үшіншіден, қолданысқа енген терминдерді жинақтап, гуманитарлық-экономикалық лексиканың түсіндірме сөздігін шығаруды жүктеймін. Төртіншіден, оқулықтарды кәдімгі кітап түрінде шығару, әрине, керек. Сонымен бірге цифрлық негізде, онлайн білім беруді дамытуға тиіспіз. Қазақстанның ашық университеті жан-жақты қолдауға ие болуы керек. Оқулықтардың негізінде дайындалатын ашық лекциялар видеотекасының сапасына баса мән беріп, қадағалайық», — деді Нұрсұлтан Назарбаев. 

Ол бесінші міндет ретінде «100 жаңа оқулық» жобасының ғылыми аударма мектебін дамыту үшін маңызды екенін және аудармалар аясындағы тәжірибе, білік, кәсіби дағдыларды жүйелеп, дамыта түсу қажет екенін айтты. Президент бұл міндеттердің бәрін сапалы іске асыруға Білім және ғылым министрлігі жауапты деп, ал жалпы жұмысты үйлестіруді Үкіметке тапсырды. 

Назерке Абибулла
 

Мақала Baq.kz интернет порталынан алынды. 

https://baq.kz/kk/news/prezident/nazarabaev_audarilgan_okuliktardi_biildan_bastap_oku_bagdarlamasina_engizudi_tapsirdi_20180412_152800 

 

Мәліметпен бөлісу:

Редакцияның мекен-жайы:

Жетісу облысы Алакөл ауданы, Үшарал қаласы,

Жеңіс көшесі № 129.

Редакция телефондары:
3-52-63,    3-52-68,

3-51-74

E-mail:
alakred@mail.ru

Құрылтайшы: Директор —  Алмат Асхатұлы

Меншік иесі: «Alakol Press» ЖШС

Бас редактор — Алмат Асхатұлы

Газет аптасына бір рет сенбі күні шығады.

Таралымы 4607

  • Басты бет
  • Газет туралы
  • Редакция
  • Бас редактор
  • Баспасөз
  • PDF-нұсқа
  • Байланыс
  • Басты жаңалықтар
  • Сайлау-2025
  • Дін және қоғам
  • Жұмысшы мамандық жылы
  • Білім
  • Жемқорлық
  • Саясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Тұлғатану
  • Ұлттық жаңғыру
  • Аграрлық сектор
  • Мәдениет
  • Спорт және туризм
  • Финграмота
  • Өзге жаңалықтар
  • Инфографика
Біз әлеуметтік желіде

© 2025 "Алакөл айнасы"

Барлық құқықтар сақталған. Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті.

Сайт құру

Kassymov