
2025 жылдың 18 желтоқсан күні Үшарал қаласындағы Балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде (БЖСМ) еркін күрестен жасөспірімдер арасында аудандық турнир өтті.
Жарысқа жалпы саны 6 команда, оның ішінде Сарқан ауданы мен Абай облысынан келген қонақ командалар қатысты. Барлығы 110 жас спортшы өзара бақ сынасты.
Турнирдің мақсаты — жасөспірімдер арасында еркін күресті дамыту, салауатты өмір салтын насихаттау және дарынды спортшыларды анықтау.
Жарыс жоғары деңгейде ұйымдастырылып, жеңімпаздар медальдармен және дипломдармен марапатталды. Барлық қатысушыларға алғыс хаттар табысталды.Қатысушылар саны – 110 адам
