
2025 жылдың 12 желтоқсан күні Достық ауылдық округінде Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай, ПЧ-43 мекемесінің қызметкерлері арасында шағын футболдан жарыс ұйымдастырылды.
Жарыс тартысты әрі жоғары деңгейде өтті. Қызметкерлер белсенділік танытып, ұйымшылдық пен мерекелік көңіл-күй көрсетті.
Жарыс нәтижесі:
— 🥇 1 орын — ПЧ-43 АУР командасы
— 🥈 2 орын — ПД-17 командасы
— 🥉 3 орын — ПД-15 командасы
— 4 орын — ПД-13 командасы
Жеңімпаз командалар арнайы медальдармен, кубоктармен және ақшалай сертификаттармен марапатталды. Барлық қатысушыларға алғыс білдіріліп, жарыс сәтті аяқталды
