
2025 жылдың 29 қарашасы күні Алакөл ауданының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімінің жылдық жоспарына сәйкес ерлер және әйелдер арасында волейболдан аудан чемпионаты ұйымдастырылды.
Чемпионатқа 18 команда қатысып, Үшарал қаласындағы балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде салтанатты түрде ашылды. Командалар екі топқа бөлініп, ойындар спорт мектебінде және Абай атындағы орта мектепте өтті. Жарыс кешке дейін жалғасып, үздік командалар ақтық сынға жолдама алды.
🏆 Ұлдар арасында:
1️⃣ орын – Үшарал қалалық округі
2️⃣ орын – Жайпақ ауылдық округі
3️⃣ орын – Екпінді ауылдық округі
🏐 Қыздар арасында:
1️⃣ орын – Қабанбай ауылдық округі
2️⃣ орын – Үшарал қалалық округі (Ы.Алтынсарин атындағы гимназия)
3️⃣ орын – Үшарал қалалық округі (І.Жансүгіров атындағы ОМ)
Жеңімпаздар кубок, медаль және мақтау қағаздарымен марапатталды.
⚖️ Жарыс әділ өтті.
Бас төреші Байбатыров Ержан адал төрешілігі үшін 10 000 теңге сыйақымен марапатталды.
Спорт—бірлік пен сергектіктің кепілі! 🏐✨
