1 желтоқсан күні Екпінді ауылдық округінде ауыл тұрғындары мен мемлекеттік қызметкерлер арасында дойбы жарысы ұйымдастырылды

Жарыстың ашылу салтанатында округтің спорт нұсқаушысы Шариғатов Дархан құттықтау сөз сөйлеп, қатысушыларға сәттілік тіледі. Жарыс тартысты өтіп, қатысушылар өз шеберліктерін жоғары деңгейде көрсетті.

Жарыс нәтижесі бойынша жүлдегерлер:

— 🥇 1 орын — Уралова Б. 

— 🥈 2 орын — Абылайхан А. 

— 🥉 3 орын — Мамырбекова А. Жеңімпаздар аудандық спорт бөлімінің мақтау қағаздары және медальдарымен марапатталды. 

Жарысқа барлығы 12 спортшы қатысты.

Мәліметпен бөлісу: