
2025 жылғы 25 қараша күні Жетісу облысы, Алакөл ауданы, Лепсі ауылдық округі Байзерек ауылында оқушылар арасындағы шағын футбол жарысы ұйымдастырылды.
Жарысқа жалпы 30 спортшы, 5 команда болып қатысты. Спортшылар арасындағы ойын тартысты әрі қызықты өтіп, қатысушылар жоғары спорттық дайындықтарын көрсетті.
Жарыс қорытындысы бойынша жүлделі орындар келесідей бөлінді:
1-орын Төңкеріс мектебі
2-орын Қарлығаш мектебі
3-орын Бибақан мектебі
Жеңімпаздар арнайы медальдармен марапатталды
