Басты бет
    • Газет туралы
    • Редакция
    • Бас редактор
    • Баспасөз
    • PDF-нұсқа
    • Байланыс
      • Басты жаңалықтар
      • Сайлау-2025
      • Дін және қоғам
      • Жұмысшы мамандық жылы
      • Білім
      • Жемқорлық
      • Саясат
      • Қоғам
      • Денсаулық
      • Тұлғатану
      • Ұлттық жаңғыру
      • Аграрлық сектор
      • Мәдениет
      • Спорт және туризм
      • Финграмота
      • Өзге жаңалықтар
      • Инфографика
  • alakred@mail.ru
Logo

- Press

Алакөл Аудандық қоғамдық — саяси газеті / Районная общественно — политическая газета

1935 жылғы қазан айынан шығады

  • Бүгін : 13. 05. 2025 жыл |
  • :
  • :
Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Сайлау-2025
    • Дін және қоғам
    • Жұмысшы мамандық жылы
    • Білім
    • Жемқорлық
    • Саясат
    • Қоғам
    • Денсаулық
    • Тұлғатану
    • Ұлттық жаңғыру
    • Аграрлық сектор
    • Мәдениет
    • Спорт және туризм
    • Финграмота
    • Өзге жаңалықтар
    • Инфографика
  • Газет туралы
  • Редакция
  • Бас редактор
  • Баспасөз
  • PDF-нұсқа
  • Байланыс

Тазалыққа талап қатаң

Жер арқасы ашылып, көктем шыққалы бері қар астына қыстай көмілген қалдықтар да көрініп, қала көркіне сын келтіруде. Аулаларда шашылған, көше бойларына тасталған қоқыстарға қатаң қадағалау керек. Осы ретте аудан әкімі Ә.Жақанбаев Үшарал шаһарын аралап, тазалық бойынша тексеріс жүргізді.

Жауапты мекеме басшыларын ерткен өңір басшысы алдымен әуежай маңайын сын сүзгісінен өткізді. Жуырда ғана облыс көлемінде сенбілік ұйымдастырылғанымен аталмыш ғимарат маңайы көңіл көншітерлік емес. Жел көтеріп әкетіп, әр жерге тасталған тұрмыстық қалдықтарды көзіміз шалды.  Кемшіліктер жіпке тізіліп, кесімі айтылғаннан кейін әуежай айналасына көшеттер отырғызып, көгалдандыру жұмыстарын жеделдету керектігі ескертілді. Сонымен қатар, Үшарал қаласына дейін созылған 12 шақырымдық күре жолдың бойында орналасқан қонақ үйлер мен дәмханалардың ауласы тексеріліп, иелеріне тиісті тапсырмалар берілді.

Артынша М.Дулепов көшесін жағалай орын тепкен үш бөлікті аллея мен құрылысы жүріп жатқан орталық саябақтың жағдайы пысықталды. Биыл қолданысқа берілетін демалыс орнында қызу жұмыстар жүріп жатыр. Айналасы әдемі қоршалып, жаяу жүргіншілер мен велосипед жолы төселіп, ашық аспан астындағы қойылымдық сахна бой көтерген. Дене жаттығуына арналған түрлі құрыл-жабдықтар орналастырылып, алып фонтанның да қабырғазы тұрғызылған. Өңір басшысы аталмыш нысан маңайын көгалдандыру бойынша арнайы міндеттер жүктеп, ауа-райы ыңғай беріп тұрғанда істің бір ұшын шығаруды тапсырды.

Тексеріс жұмыстары алдағы уақытта да жалғасын таба бермек. Ауданымызың айнасы саналатын Үшарал қаласының тазалығы әр тұрғынға сын. Әркім өз ауласынан бастап қоқыс-қалдықтарды жиып-теріп, айналаны ластаудан тыйылса игі еді.

АЛМАТ ЕСЕНБЕКОВ.

Мәліметпен бөлісу:

Редакцияның мекен-жайы:

Жетісу облысы Алакөл ауданы, Үшарал қаласы,

Жеңіс көшесі № 129.

Редакция телефондары:
3-52-63,    3-52-68,

3-51-74

E-mail:
alakred@mail.ru

Құрылтайшы: Директор —  Алмат Асхатұлы

Меншік иесі: «Alakol Press» ЖШС

Бас редактор — Алмат Асхатұлы

Газет аптасына бір рет сенбі күні шығады.

Таралымы 4607

  • Басты бет
  • Газет туралы
  • Редакция
  • Бас редактор
  • Баспасөз
  • PDF-нұсқа
  • Байланыс
  • Басты жаңалықтар
  • Сайлау-2025
  • Дін және қоғам
  • Жұмысшы мамандық жылы
  • Білім
  • Жемқорлық
  • Саясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Тұлғатану
  • Ұлттық жаңғыру
  • Аграрлық сектор
  • Мәдениет
  • Спорт және туризм
  • Финграмота
  • Өзге жаңалықтар
  • Инфографика
Біз әлеуметтік желіде

© 2025 "Алакөл айнасы"

Барлық құқықтар сақталған. Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті.

Сайт құру

Kassymov